Қос етек көйлек - жібек, торғын, шәйі сияқты асыл матадан тік жаға, кең етек етіп тігілетін көйлек. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан "қос етек көйлек" деп аталады
Қос етек көйлек - жібек, торғын, шәйі сияқты асыл матадантік жаға, кең етек етіп тігілетін көйлек. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан "қос етек көйлек" деп аталады.
Тымақ - ер адамның бас киімі. Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы - түлкі тымақ. Тымақтың маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді
Шапан - қалыңдықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді. Бұл - өсіп-өнсін, өркенді болсын деген тілек белгісі.