Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты



бет10/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Байланысты:
аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі аза мем

Алгоритм тақырыбы
//алгоритм операндаларын сипаттау
Басы
//аралық айнымалы типтерді сипаттау
// алгоритмдегі командалар тізбегі –командалар сериясы
Соңы
Мұндағы басы және соңы қызметші сөздері алгоритмді жазудың басын және соңын көрсетеді.
Алгоритмдік тіл тұрғысынан алгоритм операцияларды жалпылау – операндамен немесе операндасыз орындалатын әрекеттер ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, егер алгоритмде пайдаланылмаса, аралық айнымалаларда болмайды. Алгоритмді жазу үшін алдымен оның түрлеріне тоқталайық.
Алгоритмнің сызықтық түрдегі сипатталуы. Командалары сызықтық түрде бірінен соң бірі бір деңгейде жазылатын алгоритмді сызықтық деп түсінеміз. Алгоритмнің мұндай сипатталуы үшін арнайы жасанды тілдер, яғни алгоритмдік тіл пайдаланылады. Алгоритмдік тілдің жалпы жазылу түрі төмендегідей:
алг атауы (типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)
арг аргументтер тізімі
нәт нәтижелер тізімі
басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі
серия
соңы
Информацияны өңдеуге байланысты алгоритмдерде шамалар ұғымын енгізу қажет. Шама ұғымы информатика курсының іргелі ұғымдарының бірі болып табылады. Шама дегеніміз типі анықталған, мәні мен атауы бар объект. Шамалар екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Егер алгоритмнің атқарылуы барысында мәні өзгермесе, онда тұрақты шама деп аталады, ал алгоритмнің атқарылуы барысында мәндері өзгеріп отыратын шамаларды айнымалы шамалар дейді. Шамалар типіне қарай сандық және литерлік болып бөлінеді. Сандық шамалар өз кезегінде бүтін және нақты болып бөлінеді. Алгоритмдік тілде шамалар
бүт– бүтін, нақ - нақты, лит – литерлік
қызметші сөздерімен белгіленеді.
Литерлік шама деп мәндері сөздер немесе мәтін болып келген шаманы айтамыз.
Алгоритм үшін бастапқы берілгендер болып табылатын шамаларды аргументтер деп атайды. Олардың тізімі арг қызметші сөзінен кейін жазылады.
Алгоритмдегі аргументте, нәтижеде болмайтын шамаларды аралық шама деп атайды, ол алгоритм тақырыбынан кейінгі басы қызметші сөзінен кейін жазылады.
Алгоритмдік тілдің командалары. Командалар жай және құрама болып бөлінеді. Жай командаларға меншіктеу, енгізу және шығару командалары жатады. Құрама командаларға тармақталу және қайталану командалары жатады.
1-мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу.
S= (Р*(р-а)*(р-в)*(р-с)), р= (а+в+с)/2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет