Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты


Мәліметтердің қарапайым типтері



бет8/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Мәліметтердің қарапайым типтері. Кез келген жаңа қарапайым тип өзіне кіретін мәндерді жай тізіп шығу арқылы анықталады. Мұндай типтер саналатын типтер деп аталады. Оның жазылу түрі төмендегідей:
ТҮРЕ Т=(с12,…,сn),
Мұндағы Т – жаңа тип идентификаторы, ал сі – жаңа константалар идентификаторлары.
Мысалы,
TYPE жыл = (қыс, көктем, жаз, күз);
Мұндай типтерді анықтау тек жаңа типтердің идентификаторын енгізіп қана қоймай, сонымен бірге осы жаңа типтің мәнін белгілейтін идентификаторлар жиынтығын енгізуге мүмкіндік береді. Одан кейін оны программаның кез келген жерінде тұрақтылар ретінде пайдалануға болады. Енді біз А айнымалысын енгізсек:
VAR А : жыл;
деп жазуымызға болады.
Қарапайым стандартты типтер. Қарапайым стандартты типтерге біз көптеген есептеу машиналарында бар (орнатылған) типтерді жатқызамыз. Стандартты типтер: ІNTEGER (бүтін), REAL (нақты), BOOLEAN (логикалық), CHAR (символдық).
Әр түрлі қарапайым типтердің комбинацияларынан құралған құрылымдық типтер күрделі типтерді береді (мысалы, массивтер, жиындар, жазулар және файлдық типтер).
Бүтін тұрақтылар – кез келген нүктесіз жазылған бүтін сан. Олар теріс “-” немесе о” “+” та”балы болуы мүмкін, мысалы, 14, -356,0,4590. Аралығы: -32768-ден 32767-ге дейін (микроЭЕМ-дерде). Типі бүтін болатын айнымалыны көрсету үшін ІNTEGER қызмет сөзі пайдаланылады. Егер бүтін сандарды беру үшін машинада n разряд пайдаланылса, қосымша код қолданылса, онда мүмкін болатын сандар -2n-1<=x<2n-1 шартын қанағаттандыруы тиіс. Бұл типке қолданылатын барлық амалдар арифметиканың әдеттегі ережесіне сай дәл орындалады. Егер нәтиже берілген аралықтан асып кетсе, онда есептеу тоқтатылады. Онда мұндай оқиға асқындық оқиғасы деп аталады. Айнымалыларды белгілеу үшін оларға атау береді. Бүтін сандарға мына амалдар қолданылады: +, -, *, DІV (бүтін бөлу: 5 DІV 2 нәтиже 2), MOD (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін қалдық), мысалы, 5 MOD 2, нәтиже І. MOD арқылы санның тақ немесе жұп екенін анықтауға, Х саны У-ке қалдықсыз бөліне ме деген сұраққа жауап беруге болады.
Мысалы:
Х MOD 2 - егер нәтиже 0 болса, онда Х жұп, яғни Х саны 2-ге қалдықсыз бөлінеді.
Х MOD У - нәтиже 0 болса, онда Х саны У санына қалдықсыз бөлінеді. Бүтін шамалардың бейнелену түрі былай жазылады:
атау, атау, …, атау: іnteger;
ЭЕМ жадында бүтін айнымалы 2 байт орын алады. Көп жағдайларда бүтін типті іnteger орнына byte сөзін пайдалануға болады, мұнда айнымалы диапазоны 0 мен 255 аралығында жатады. Мұндай типтегі айнымалы компьютер жадынан 1 байт орын алады.
Бейнелеу түрі: атау, атау, …: byte.
Бүтін тұрақтылардың типін кесте түрінде былай көрсетуге болады.
Бүтін сандар типі



Типі

Аралығы

Жады көлемі (байт)

Byte
Shortіnt
Іnteger
Word
Logіnt

0..255
-128..127
-32768..32767
0..65535
-21147483648..21147483647

1
1
2
2
4



Нақты тұрақты. Паскаль тілінде нақты тұрақтылар екі түрде жазылады:

  • сандарды” үтірлері өзгермейтін түрі - m, мысалы, 25.3, 5.0, -16.25, т.с.с.,

  • сандарды” үтірлері өзгеретін түрде жазылуы - mE P, мұндағы m-шартты мантисса (сан), P-10-ны” дәреже көрсеткіші (бүтін сан).

Мысалдар.
Математикада берілуі Паскаль тілінде жазылуы
4 . 103 4Е 3
0,62 . 104 0.62Е +4
-10,15 . 1012 -10.15Е +12
Нақты айнымалы. Нақты мән қабылдайтын айнымалыны бейнелеу үшін REAL қызмет сөзі пайдаланылады.
Бүтін және нақты типтерді арифметикалық тип дейді. Нақты типтегі шамаларға dіv және mod амалдарынан басқа барлық арифметикалық амалдарды қолдануға болады.
Нақты сандардың аралығы –1Е38-ден 1Е38-ге дейін мантиссасын 11 мәнді цифрға дейін алуға болады. Нақты сандардың бейнелену түрі: атау, атау, …, атау: real. Нақты айнымалылардың мәндерін ЭЕМ жадына орналастыру үшін 6 байт орын қажет. Нақты сандар типінің аралығын кесте түрінде былай көрсетуге болады.
Нақты сандар типі

Типі

Аралығы

Мантисса

Жады көлемі

Real
Sіngle
Double
Extended
Comp

2.9*10E-39..1.7*10E38
1.5*10E-45..3.4*10E38
5.0*10E-324..1.7*10E308
1.9*10E-4951..1.1*10E4932
-2E+63+1..2E+63-1

11-12
7-8
15-16
19-20
10-20

6
4
8
10
8



Логикалық тип.
Логикалық айнымалы (BOOLEAN)-TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің бірін қабылдайды.
Логикалық берілгендер шартты тексеруге жиі пайдаланылады, логикалық шарттарды жaзу үшін <, <=, =, <>(тең емес), >=, > белгілері пайдаланылады. Мысалы, 5>3 нәтиже - TRUE; 5=3 – нәтиже FALSE.
Буль операциялары - бұл, логикалық конъюнкция, дизъюнкция және терістеу. Олар былай белгіленеді:
логикалық дизъюнкция - OR (логикалық қосу (ИЛИ-НЕМЕСЕ));
логикалық конъюнкция - AND (логикалық көбейту (И –ЖӘНЕ));
терістеу - NOT (жоққа шығару (НЕ-ЖОҚ)). Логикалық типтегі шамалар былай бейнеленіледі: атау, атау, …, атау: boolean;
Мұнда айнымалы мәніне ЭЕМ жадында 1 байт орын беріледі.

Логикалық тип





Типі

Аралығы

Жады көлемі

Boolean

True, False

1



Символдық типтер. Символдық тұрақтылар екі апостроф ішіне алынып жазылады. Символдық типтерге: латынның 26 баспа және жазба әріптері, 10 араб цифры, тыныс белгілер және басқа да графикалық символдар кіреді. Мысалы: А, +, 9, қосынды , х және т.с.с.
Символдық айнымалылар. Символдық айнымалылардың типін көрсету үшін Паскаль тілінде CHAR қызмет сөзі пайдаланылады. Символдық шамалар былай бейнеленеді: атау, атау, …, атау: char;
Символдық тип

Типі

Аралығы

Жады көлемі

Char

ДЭЕМ-нің код кестесі

1



Шектелген типтер (аралық типтер). Практикада есеп шығару барысында айнымалыға мәндері белгілі бір аралықтың ішінде жататын қандай да бір типтің мәні меншіктелетін жағдай жиі кездеседі. Бұл жағдайда айнымалы шектелген типке жатады деп анықтаймыз. Мұндай тип жалпы түрде былай сипатталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет