Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты



бет9/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
TYPE = [mіn..max]
Мұндағы mіn және max – сәйкес аралықтың басын және соңын көрсетеді. Мұндай өрнектердің операндалары тек тұрақтылар болады. Мысалы,
TYPE year = [1990..2010];
TYPE letter = [‘a’..’z’];
TYPE digit = [;0’..’9’];
Айнымалылар бөлігінде былай анықталады:
VAR А : year;
VAR SS : letter;
VAR SAN: digit;
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: 5 [24-30], 4 [127-134]
Қосымша әдебиеттер: 4 [16-19] – б, 7 [55-57] – б.
Бақылау сұрақтары

  1. Паскаль тілінде және алгортитмдік тілдерде қандай шамалар пайдаланылады?

  2. Атау дегеніміз не?

  3. Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?

  4. Қандай типтерді білесіздер? Олар қандай түйінді сөздер арқылы жазылады?

  5. атаулардың типтері қалай сипатталады?

  6. Паскаль тілінде (алгоритмдік тілдерде) стандартты функциялар қалай жазылады?

  7. Әр түрлі типтерге қолданылатын амалдар жиынын атаңыз?

  8. Аргумент типін және соған сәйкес келетін стандартты функциялар типтерін көрсетіңіз?

  9. Арифметикалық өрнек деген не? Олар Паскаль (алгоритмдік тілде) тілінде қалай жазылады?

  10. Символдық шамалардың мәндері қалай беріледі?



Дәріс №4. Алгоритмдік тіл. Сызықтық алгоритмдерді программалау

  • Алгоритмдік тіл

  • Алгоритмнің сызықтық түрдегі сипатталуы

  • Алгоритмдік тілдің командалары

Алгоритмдік тіл. Тіл алфавит, синтаксис және семантика үш құраушы бөліктің бірлігі болып табылады.
Алфавит деп тілдегі құрылымдарды жазу үшін пайдаланылатын белгілі бір ретпен ол орналасқан белгілер-символдар жиынтығын айтады. Тілдің синтаксисі тілдің құрылу ережесін (сөздер мен сөйлемдер) анықтайды. Семантика тілдің сол немесе басқа құрылыммен берілу мағынасын анықтайды.
Формальды түрде, тіл осы тілдің алфавитінің көмегімен синтаксис және семантика ережесімен жазылған шексіз сөйлемдер жиынтығы болып табылады.
Мұндай тілдің мысалы ретінде сандардың ондық жүйедегі жазылуын алуға болады. Оның алфавиті базистік цифрлар, үтір, «+», «-» белгілері болып табылады. Синтаксис ережесі – бұл сандардың жазылу ережесі, ал семантика қандай да бір келісулерді ескере отырып, ондық кодтың позициялық принципі арқылы ашылады (мысалы, оң сандардың алдына «+» таңбасын жазбау және т.б.).
Алгоритмдік тіл бұл алгоритмді атқару үшін бір ыңғайлы түрде жазылған жасанды тіл. Кез келген басқа тілдер тәрізді оның алфавиті, сөздігі, осы тілде сөйлемдерді жазу және түсіндіру ережесі бар.
Оның алфавиті жалпылай қабылданған белгілерді қамтиды: әріптер, цифрлар, арифметикалық операциялар таңбалары, логикалық операциялар таңбалары және т.б.
Алгоритмдік тіл табиғи тілге және математика тіліне жақын, математикалық символиканы пайдаланады. Алгоритмдік тіл алгоритмді жазуда оның барлық қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері. Тілдің сөздігі атқарушыға арналып жазылған сөздерді қамтиды.
Информатика курсында алгоритмнің жазылу ережесін ескере отырып, компьютердегі атқарушыға қолдану үшін алгоритмдік тілді пайдаланады (оны алғашқы информатика оқулығының авторлары Е- практикум деп атаған). Алгоритмді жазу үшін атқарушының командалар жүйесі пайдаланылады. Сөздік қызметші сөздерді, оның мағынасын қолданылу ережесімен міндеттерін қамтиды. Қызметші сөздер жазылу барысында асты сызылып қысқартылып жазылады, қызметші сөздер алгоритмді жазуда құрама бөліктерді ерекшелеу үшін жазудың көрнекілігін арттыру үшін енгізілген. Алгоритмдік тіл алгоритмнің құрылымдық түрде сипатталуына арналған. Сондықтан оған сөйлемдердің төмендегідей түрлері енгізілген: қарапайым команда, құрама команда, алгоритм тақырыбы, алгоритм операндаларының сипаттамалары айнымалыларды сипаттау, көмекші алгоритмдерді шақыру енгізілген.
Енді алгоритмнің жазылуының жалпы түрі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет