Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты


Алгоритмнің блок-схема түріндегі сипатталуы



бет6/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Алгоритмнің блок-схема түріндегі сипатталуы. Блок-схема деп алгоритмнің бағытталған байланысы бар геометриялық фигуралармен сипатталып берілуін айтамыз. Блок-схемада алгоритмнің басқарылуы жақсы көрінеді. Блок-схемада пайдаланылатын геометриялық фигуралар символдар блогы, ал байланыстар ағындар линиясы деп аталады. Әрбір блок-схеманың басы және соңы болады. Оның шартты белгіленуі төмендегідей:


1-сурет
Енді 3-і мысалдағы n санының қосындысын тура есептегіш бойынша есептеу алгоритмін блок схема түрінде көрсетейік.

2-сурет



Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: 5 [14-20], 7 [33-37]
Қосымша әдебиеттер: 1 [6-11] – б, 3[53-55] – б.
Бақылау сұрақтары

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Программалық жол дегеніміз не?

  3. Программаның бір жолында қанша орын бар?

  4. Алгоритмнің маңызды қасиеті

  5. Алгоритм құрылымы бойынша неше типке бөлінеді?

  6. Алгоритмнің дискреттілік қасиеті деген не?

  7. Алгоритмнің ықшамдылығы деп нені айтамыз?



Дәріс №4. Компьютерде есеп шығаруға дайындау кезеңдері

  • Есептің математикалық моделі

  • Нәтижелер мен алғашқы мәліметтерді байланыстыратын математикалық қатынастар

  • Компьютер жұмысының нәтижелерін талдау

Компьютер табиғат құбылыстарын зерттеу, технологиялық процестерді басқару, мультфильмдер жасау және т.б өмірде математикамен тікелей байланысы жоқ есептерді шығару үшін пайдаланылады. Мысалы, қандай бір есепті шығару үшін компьютерді пайдалану қажет. Ол үшін неден бастау қажет? Алдымен берілген есепке қатысты зерттелетін объектіні немесе құбылысты толық қарастырып, талдау қажет. Объектінің маңызды қасиеттері математикалық ұғымдар тілінде (формулалар, теңдеулер, теңсіздіктер және т.б.) жазуға болатындай тұжырымдалуы тиіс. Бұл берілген есептің математикалық моделі деп аталады. Математикалық модель зерттелетін объектпен бір мәнді анықталмайды, бірақ модель шынайы объектіге сәйкес келуі тиіс. Алынатын нәтиже таңдалынған модельдің дәлдігіне тәуелді болады. Дәлділікті арттыру үшін зерттелетін объектінің барлық қасиеттері ескерілетіндей, модельді күрделендіруге тура келеді. Математикалық модель қандай да бір жеңілдіктерге негізделеді. Шынайы объектіні оған сәйкес моделімен ауыстырғанда есепті математикалық есеп ретінде тұжырымдап, оны шығаруға математикалық құралдарды пайдалануға болатындай мүмкіндік пайда болады. Есепті талдау барысында оны шығаруды жеңілдететін болжамдар жасалып, объект жөнінде берілген ақпараттардан алғашқы мәліметтерді ерекшелеп тауып, алынатын нәтижені анықтау қажет.
Сөйтіп, есепті шығарудың математикалық моделін құра отырып:

  1. математикалық модель негізделетін болжамдарды ерекшелеу;

  2. алғашқы мәліметтер мен нәтижелерді анықтау;

  3. нәтижелер мен алғашқы мәліметтерді байланыстыратын математикалық қатынастарды (формулалар, теңдеулер, теңсіздіктер және т.б.) жазу қажет.

Математикалық модель құру барысында мәліметтер арқылы ізделінді шамаларды айқын өрнектейтін формулаларды тауып жазу барлық уақытта мүмкін болмайды. Мұндай жағдайларда дәл жауапты алуға мүмкіндік беретін математикалық әдістер пайдаланылады.
Сонымен, математикалық модель құру кезеңімен компьютердің көмегімен есеп шығарудың бірінші кезеңі аяқталады. Компьютер қажетті есептеулерді жүргізіп, жауап алу үшін нақты нұсқаулардан тұратын, қажетті әрекеттер тізбегін ретімен көрсету қажет. Мұндай нұсқаулар тізбегі есеп шығару алгоритмі деп аталады. Алгоритм құру – компьютерде есеп шығарудың екінші кезеңі.
Компьютер алгоритмді адамның қатысуынсыз автоматты түрде орындайды. Ол үшін алгоритм машинаға түсінікті тілде, яғни арнайы программалау тілінде жазылуы тиіс. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа деп аталады. жазылуы тиіс.
Компьютермен есептеуді жүргізгеннен кейін алынған нәтижені талдау қажет. Бұл жағдайда матемтаикалық модельді нақтылау қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Өйткені модель құру барысында объектінің кейбір маңызды қасиеттері ескерілмеуі мүмкін. Модель нақтыланғаннан кейін алгоритм қайтадан құрылады, компьютермен есептеулер жүргізіліп, нәтижелері талданады. Тағы да модельді нақтылау қажеттілігі пайда болуы мүмкін... Бұл процесс талдау нәтижелері зерттелетін объектіге толық сәйкес келгенше жалғасуы мүмкін.
Сонымен, компьютерде есеп шығарудың үшінші кезеңі – программа жазып, нәтиже алу және алынған нәтижелерді талдау болып табылады. Сонымен компьютерде есеп шығару процесін төмендегідей схема түрінде көрсетуге болады:
Математикалық модель→Алгоритм→ Программа. Компьютер жұмысының нәтижелерін талдау.
Қорыта келгенде, қойылған есепті шығару алгоритмін құруда: біріншіден, есептің қойылысын зерттеу; екіншіден, алгоритм жалпы болып табылатын алғашқы мәліметтердің типі мен берілу тәсілдерін анықтау; үшіншіден, нәтижелердің берілу типі мен оны шығару түрін анықтау, сәйкес белгілеулер енгізу; төртіншіден, есепті шығару әдісін жасау немесе белгілі әдістерді пайдалану. Алгоритмнің барлық қасиеттері сақталынатын, есепті шығару әдісін жүзеге асыратын алгоритмді баяндау; бесіншіден, құрылған алгоритмнің дұрыстығын – нәтижелілігін тексеру, қате табылған жағдайда оның қатесін түзету; алтыншы, алгоритмді тестілеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет