Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 8 [189-214], 3 [60-75]
Қосымша әдебиеттер: 1[112-116] – б, 4[78-82] – б.
Бақылау сұрақтары Паскаль тілінде жазба дегеніміз не? Оны неге мәліметтердің аралас типі деп атайды?
Жазба типі қалай сипатталады? Жазба өрісі деген не?
Өріс индификаторларына қандай талаптар қойылады?
Жазбаның құрама аттары қалай жазылады?
Жазбаны пайдалана отырып, енгізу және шығаруды қалай ұйымдастырады?
Жиым, жиын және жазба араларында қандай айырмашылықтар бар?
Жазба элементтеріне (өрістеріне) қандай амалдар пайдалануға болады?
Жазба өрістері үшін with – жалғастыру операторларының міндеті қандай?
Қабатталған жазба өрістерін with операторында қалай ұйымдастырады?
Тармақты жазбалар қалай жазылады? Белгі өрісі дегеніміз не?
Тармақты жазбалар құрастыру кезінде қандай ережелерді орындау қажет?
Алгебрада жиынның мағынасы қандай болса, Паскаль тіліндегі жиынның да мағынасы солай беріледі. Бұл реттелмеген бір –бірінен ерекшелігі бар бір типті элементтер жиынтығы. Жиын элементтерінің саны 255-тен артпау қажет. Жиындағы әрбір объект жиын элементі деп аталады. Жиын элементтері нақтыдан басқа, скалярлық типтердің бірінде жатуы тиіс. Бұл тип жиынның базалық типі деп аталады. Базалық тип аралықпен беріледі. Жиын типтерінің мәндерінің облысы базалық тип элементтерінен құрылған барлық ішкі жиындар жиынтығы болып табылады. Паскаль тілінде жиын элементтерінің мәндері квадрат жақшамен көрсетіледі: [1,2,3,4] , [‘a’, ’b’, ’c’], [‘a’,..’z’]. Егер жиынның элементтері болмаса, ол бос жиын деп аталады да, квадрат жақшамен “[]ң белгіленеді. Жиындық типтерді бейнелеу үшін Set және Of қызметші сөздері пайдаланылады. Жиындық типтер типтерді бейнелеу бөлігінде былай анықталады:
Type <атау> = set of <элементтер типі>
Мысалы,
Type К = set of byte;
Var a:K;
Жиындық типтер мен сәйкес айнымалыларды біріктіруге болады.
Var Code: set of 0..7;
Dіgіts: set of ‘0’..’9’;
Сондай-ақ, жиындық типті айнымалы ретінде бейнелеп, оның алғашқы мәнін тұрақтылар жиыны ретінде бейнелеу бөлігінде беруге болады.
Type up= set of ‘A’..’Z’;
Low=set of ‘A’..’Z’
Const upcase: up=[‘A’..’Z’];
Vocals: Low= [‘а’, ‘е’, ‘і’, ‘о’, ‘у’, ‘и’]
Delіmіter: set of char =[‘,’,’/’, ‘:’, ‘..’,’?’];
Жиынның бір элментінің жадыдан алатын көлемі 1 битті құрайды. Жиын типті айнымалының жадыдан алатын көлемі:
Жады көлемі = (Max dіv 8) – (Mіn dіv 8) + 1
формуласымен есептеледі. Мұндағы Max және Mіn базалық типтің төменгі және жоғарғы шекаралары.
Жиындарға қолданылатын амалдар Жиындық типтердің берілгендері үшін қиылыстыру, біріктіру, айырымдық және іп амалдары анықталған. Сондай-ақ, “<’, “>ң, “<=ң, “>=ң, “=ң және “<>ң қатынас белгілері пайдаланылады.
“=ң қатынас белгісі. Егер А және В жиындары бірдей элементтерден тұратын болса, онда бұл жиындар тең болып есептеледі. Салыстырылатын жиындардағы элементтердің орналасу ретінің теңдік шартына әсері болмайды.
А жиынының мәні В жиынының мәні Өрнек Нәтиже
[1, 2, 3, 4] [1, 2, 3, 4] A = B True
[‘a’, ‘b’, ‘c’] [‘c’, ‘a’] A = B False
[‘a’..’z’] [‘z’..’a’] A = B True
Тең емес қатынас белгісі (<>). А және В жиындарының кем дегенде бір элементі өзгеше болатын болса, онда олар тең емес болып есептеледі.
А жиынының мәні В жиынының мәні Өрнек Нәтиже
[1, 2, 3] [3, 1, 2, 4] A <> B True
[‘a’..’z’] [‘b’..’z’] A <> B True
[‘c’..’t’] [‘t’..’c’] A <> B False