Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы


) 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасын сипаттап жазыңыз



бет13/25
Дата02.12.2023
өлшемі81,4 Kb.
#132225
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
тарих экзамен ответы

15) 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасын сипаттап жазыңыз
Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық - либералдын бағыттағы алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саясы әдістерін жақтады. Себебі патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне, төтеп бере алатындай қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді. Десе де, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас - көз болып, кейін аман - есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Ә. Бөкейхановтың өзі бастаған топ майданға аттанды. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді. Ұлт - азаттық көтерілістің басталуының себебі жоғарыда аталып өткендей қазақ жерін отарлау, қазақ жерін қоныс аударған орыс шаруаларына күшпен тартып әперу саясаты еді. Көшпелі тұрмыс жағдайында қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жердің заңмен Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы, мал шарушылығының құлдырауы, егіншіліктің азаюы т.с.с. Бұл дағдарыстың айқын көрінісі Қазақстан және Орталық Азия халықтарының 1916 жылғы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт - азаттық қозғалыс болды. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған қозғалыс барысында жалпыұлттық ұрандар көтерілді. Оның негізгі қозғаушы күші - қазақ ауылының еңбекші шаруалары, оған ішінара жұмысшы тобы өкілдері, байлар да, билерде, молдалар да, болыс басшылары да, зиялы қауымның әр түрлі топтары да белсене араласты. Көтеріліс ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді. Ал оның әлеуметтік мәні - өз билеушілеріне қарсы күрес екінші кезекке ысырылды. Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды. 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу. 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - Таранша болысының Городское елді аймағындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетулерден басталды. Сол жылғы 7, 8 шілденің алғашқы күндері Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректігі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сьезге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шарлары қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізімі жойылсын деген шешім қабылданды. Съезге қатысушылар “оқтың астына барғанша осында өлген артық” деген қаулы қабылдады. 1916 жылғы 7 - тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станциясы мақында біріккен бас көтеру басталды. Сөйтіп, көтеріліс Тоқмақ маңына ауысты. Верный - Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысының барлық болыстары дерлік толқыды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі - Тоқаш Бокин. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, феодал - байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шықырды. Түркістан генерал - губернаторы Куропаткин жергілікті әкімшілікке көтерілісшілерге қарсы күресу үшін, тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды пайдалануды ұсынды. Көтерілісшілерге қарсы зеңбіректермен, пулеметтермен жарақтандырылып арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзету күшейтілді, әскери - далалық соттар ұйымдастырылды. Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына үш әскери жасақ, жеті атқыштар ротасы, қазақтардың бес жүзіндегі және 14 зеңбірек жеткізілді, майдандағы армиядан қазақ - орыс батареясы және екі пулемет командасы бар екі орыс - казак полкі әкелінді. Жазалаушылар соңғы ұрыс 1916 жылғы кыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің маңында жүрді. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға қашты. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанда басып - жаншылды. Патша жендеттері көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады. 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің басты жетекшісі Бекболат Әшекеевті дарға асып өлтірді. Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Актөбе, Қостанайды қамтыды. Торғай облысындағы қозғалысты басу үшін генерал Лаврентьев бастаған арнайы жазалау экспедициясы жасақталды. Оның құрамында Қостанай, Ақтөбе, Торғай, Ырғыз жасақтары мен қазақ жасақтары болды Кейіннен 1916 жылы 13 - қарашада әскери қимыл ауданына Қазан, Пермь, Орынбордан қосымша полктар тартылды. Ұшы - қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор - Ташкент темір жолының жұмысшылары қосылды. Торғай өңіріндегі бас сардар Амангелді Иманов халық көтерілісіне алғаш рет әскери тәртіп орнатты. Ол отрядтарын 10, 5, 100, 1000 адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елу басы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. 1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20 - ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Аменгелді бастаған көтерілісті басу үшін, патша өкіметі генерал А.Д. Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лаврентьев әскерлерінің келе жатқаның естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге шегініп, Бетпаққараға жиналып, А. Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. Торғай облысында А. Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған Әліби Жангелдин болды. Патша жазалаушылары мен А. Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері: - бытыраңқылығы; - көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың жеткілікті болмауы; - патша өкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы еді. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір арқын белес болып табылады. Көтеріліс дүниежүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда тұрақты, жеткілікті біріккен басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 ж көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана - сезімін арттыруда зор рөл атқарды. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери - феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет