Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



бет6/40
Дата01.03.2023
өлшемі262,13 Kb.
#70727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Тапсырма:
А. Байтұрсынұлының өмірбаянымен толық танысыңыз.
А. Байтұрсынұлы жасаған әліпбидің маңызы туралы Сіздің пікіріңіз қандай?
А. Байтұрсынұлының қазақ баласын оқыту туралы ғылыми-әдістемелік пікіріне Сіздің қосарыңыз.
А. Байтұрсынұлы ізімен қазіргі жаңа терминдерге қатысты қандай терім сөздер жасауға болар еді?
А. Байтұрсынұлы терім сөздерінің басты ерекшелігі мен өміршеңдігінің мәні неде деп ойлайсыз?
 
 
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ
 
ХХ ғасыр басындағы ірі қоғам қайраткері Халел Досмұхамедұлы ұлт болашағы үшін аса маңызды саналатын тіл қахында өзінің тұжырымды ғылыми ойларын жазған еді. Ол қайраткердің «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», «Диуан лұғат-ит түрк», «Қазақ тіліне латын харфін алу мәселесі», «Жат сөздер туралы», «Қазағыстан Білім ордасы қабылдаған пән сөздер» атты мақалалары мен Қазақ білімпаздарының сиезінде сөйлеген сөзі т.б. баяндамаларында көрініс тапты.
Жазу мәселесі қайта көтерілген тұста Халел Досмұхамедұлы «Қазақ тіліне латын харфін алу мәселесі» атты мақаласын жазып, түрік халықтарының көпшілігі қалыптасып қалған араб таңбаларын тастап, латын әліпбиіне көшіп жатқанын ескертеді. Бұл жағдайдың еріктен тыс екенін ғалым айтпай сездіртеді. «Өзіміздің осы күнгі харіфтерімізді бірден тастай салып, латын харіфтерін алуға қарсы пікірде болсақ та, айналамыздағы желіктің салқыны бізге де тиді» — деп жазады [Алаштың тілдік мұрасы, Алматы, 2009, 133]. «Мәскеудегі орыстан шыққан білгіштердің арасында да түрк елдері үшін латын қарфтерін лайықты-ау дейтін сөз бар» (сонда), екенін, сондай жағдайда дайын болу керектігін ескертеді. Сөйтіп болашақта қазақ тіліне латын қаріптері кірген жағдайда, оның сипаты қандай болу мүмкіндігіне қатысты өз көзқарасын білдіреді. Ң, ө, ш, қ, ғ дыбыстарының таңбалануына қатысты өз тұжырымдарын жеткізеді.
Халел Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» атты мақаласының қазақ тіл білімінің тарихы үшін маңызы мен мән ерекше деп бағалаймыз. Өйткені мақалада Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінен кейін қазақ тілінің басты заңдылығы саналатын сингармонизмге ғылыми негіз жасалып, оның басты ерекшеліктері мен фонологиялық мәні таразыланды. «Қазақ-қырғыз жұрты оянғаннан бері мәдениет бәйгісінде ілгері кеткен жұртқа жетудің қамын қылып жатыр. … Оянған жұрт қарқынды келеді. Елестеген мұратқа жету үшін көбіне алды-артына, жан-жағына қарамай екпіндейді. … Мәдениет қуған жұрттың алдымен тілі өзгермекші. Шеттен кірген біліммен, әдетпен, заңмен жаңалықтарға ұғым беретін жаңа сөздер келмекші», — деп үлкен ескертумен, қауіппен басталған ғылыми мәні терең мақалада «топан судай қаптап, тілімізді жат сөздер басып бара жатқан мезгілде ескерілмей ұмытуға айналған тіліміздің бір негізгі заңын еске салғымыз келеді» деп жалғайды. Ғалым түбірдің дауысты дыбысы жуан болса, кейінгі жалғанатын тұлғалардың бірыңғай жуан, жіңішке болса, бірыңғай жіңішке болатынын «түрік тілінің айрықша біткен қасиеті» [111-бет] ретінде бағалап, «дауыстылар сөздің қалай айтылуын билеп тұрған ұйғарушылар, әншілер» деп жазады.
Халел Досмұхамедұлының ұйғаруынша, қазақ-қырғыз тілінде бес дауысты дыбыс, он бес дауыссыз, екі жарты дауысты дыбыс бар. Сингармонизм заңының ішкі ерекшеліктерін терең аңғарған ғалым тіліміздегі дыбыстар таңбаларын екі еседей азайтып жазуға көп жеңілдік беретінін атап көрсетеді. Егер осы қағиданы ұстанғанда, қазақ жазуы әлдеқайда жеңіл әрі оңай болар ма еді, кім білсін.
Қазақ тіліндегі қосымшалардың қызметін талдай келе, олардың да сингармония заңына бағынатынын тілдік деректерді келтіре отырып көрсетеді.
Өзге тілден енген сөздерді «жат сөздер» ретінде танитын Халел Досмұхамедұлы олардың тіліміздегі қолданыстық ерекшелігіне көңіл бөліп, сингармониялық заңдылыққа бағына қолданған тұлғаларды қара қазақтың айтуынша деп атап, «оқығандар мұндай сөздерді нағыз орысшасынан бұлжытпай сөйлейді, қазаққа да бұлжытпай сөйлетуге тырысады. Қара халық оған көнбеді, өзінше аударып сөйледі»,- деп жазды [121-бет].
Халықтың ауызекі сөйлеу тілінде тілдік гармония заңының бұзылмауына автор «Қара халық сақ болады. Тұрмысына, салтына, елдігіне зиянды нәрселерді қабылдамайды», «шет сөздерді сынап, тергеп, тексеріп, екшеп, өзгертіп, өз тілінің әдетіне лайықтап кіргізеді» дей келіп, елдің тілі бұзылуына, ең алдымен, оқығандар себеп болатынын шенейді.
Бұл мақалада Халел Досмұхамедұлы тілдің өміршең болуы үшін қажетті жағдайларды атап көрсетеді. Ең бастысы, тілдің таза қалпын сақтау, жат сөздерді, мүмкіндігінше, сингармонизм заңына бағындыра қолдану – ғалым ұстанатын басты қағида.
Еуропа тілінен енген сөздерді орыс тілінің ықпалымен айтпай, «Аурупа сөзін асыл нұсқасыннан алып, өзгертіп қолдану» қажеттігін ұсынады [127].
«Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш» деген ғалым сөзі қазақ тілінің өміршеңдігі туралы мәселе көтеріліп тұрған қазіргі таңда да өзінің өзектілігін жойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет