БИ
Би – дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.
Төбе би – бүкіл ел не үлкен аумақ халқының қалауымен сайланған бас би.
Қатар би – бір өңірде қазылық жасауға өзара тең қүқылы, төбе биден төменгі қатардағы би.
Жеке би – шешендік қабілеті жетілген, әділ қазылығы халық сынынан өткен елге танымал би.
Төтен (төтенше) би – екі ру, тайпа арасындағы даулы мәселелерді шешуге халықтан өкілдік алған би.
Бала би – билік айтуға талапты, шешендігімен ел арасында көзге түскен үкілі үмітті жеткіншек би.
ҚОНАҚ
Арнайы қонақ – әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-көлем, құда, сыйлы, құрметті адамдар.
Құдайы қонақ – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып тынығуға қонған тосын, бөгде қонақ.
Қыдырма қонақ – үйден үйді, ауььлдан ауылды кезіп ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш "кіріп шық" кезбе қонақ.
Қылқыма қонақ – ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін қылғытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған тойымсыз, елеусіз қонақ.
Құтты қонақ – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болған қонақ.
Ерулікті қонақ – тұрақты қоныста отырған ауылдың үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақ.
Қонақасы – қонақтың дәрежесіне қарай мал сойылып, соғым етінің басты мүшелері, сүрі салынып асылып, қонаққа тартылған тағам.
Тана тағар – жас отау иесінің көршісіне берер алғашқы қонақасысы.
Қонақ кәде – қонақтың құрметіне берілген қонақасынан соң қонақтың домбыра тартып, ән салып, үй иелеріне риза пейіл көрсетуі.
АТА ТЕК, ҮРІМ-БҰТАҚ, АҒАЙЫН-ТУЫС
Арыс – ру, тайпа, ел.
Тек – түп нәсіл, арғы атаны білдіретін тарихи ұғым. Сұлып деп те аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |