Жезқобыз – құрылысы қылқобызға ұқсас. Ішегі мен шанағы тұтас жезден жасалады.
Домбыра – қазақтың ең көп тараған ішекті, көп пернелі музыкалық көне аспабы (қос ішекті домбыра, үкілі домбыра, үш ішекті домбыра т.б.).
Асатаяқ – екі түрлі: асатаяқ және құтпатаяқ. Біріншісі (аса арабша таяқ, таяқша деген сөз) – абыздар ұстап, ой толғайтын "сүйеніш", бірақ оны ұшына үшкір темір орнатылады. Екіншісі – бақсы, зікіршілер тұтынған құтпатаяқ.
Ұран – ұрып ойналатын, ертеде жауынгерлер пайдаланған музыкалық аспап.
Дабыл – әу баста жаугершілікте, жорықта, той-думанда халықты бір жерге жию, саяткершілік кезінде жасырынған аңды үркітіп кеңістікке шығару үшін пайдаланылған құрал. Кейін саусақпен қағып ойнайтын музыкалық аспапқа айналған.
Нуғара– ұрар ортасы көннен, сырты былғарыдан жасалған әуездік соқпалы аспап, дабылдың бір түрі.
Даңғыра – дөңгелек ағаш шеңбердің бір жақ бетіне тері қаптап, ішкі жағына сылдырмақтар, салпыншақтар, темір сақиналар тағылған қазақтың ұрын ойнайтын дыбысы күшті музыкалық аспабы.
Дүңкілдек– ұрмалы, дабылды-шулы аспап
Желбуаз, мес – жалпы қауашақ секілді, іші қуыс, тұтасымен көн теріден жасалған көне аспап.
Жетіген – шертіп ойнайтын жеті ішекті ұлттық музыкалық көне аспап. Дауылпаз– ағаштан жасалған, шанағының ойық еті терімен қапталған, ұрып ойнайтын, жорықтарда, аңшылық пен құсбегілікте қолданылған көне музыкалық аспап.
Шертер – домбырадан гөрі қобызға ұқсас, екі не үш ішекті шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптардың бірі.
Адырна– сыбызғы тәрізді көне үрмелі музыкалық аспап.
Шыңдауыл – соқпалы музыкалық көне аспап, дауылпаздың бір түрі. Үскірік – саз балшықтан күйдіріліп жасалған, қолға ұстауға ыңғайлы шағын, үрлеп ойнауға арналған аспап.
Боргүй– үрмелі көне музыкалық аспап.
Тастауық – саз балшықтан күйдіріліп жасалатын үрмелі аспап.
Бырғы – ежелгі үрмелі аспап.