Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Құда – ерлі-зайыптылардың әкелері, аталар жасы үлкен туыстары. Бас құда



бет148/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Құда – ерлі-зайыптылардың әкелері, аталар жасы үлкен туыстары.
Бас құда – жасы үлкен басты құда.
Бауыздау құда құдалықты тұңғыш пәтуаласып, баталасқан адам.
Бел құда (ежеғабыл) – әлі тумаған іштегі балаларын атастырып, пәтуаласқан әкелер мен аталар.
Бесік кертті құда – бесіктегі ұл мен қызды атастырып құдандасқан әкелер мен аталар.
Қарсы құда – екі жағы қарама-қарсы қыз беріс қыз алысқандар.
Қылауы түспеген құда – құдаласқанына көп уақ өтпеген жаңа құда.
Қызылқұда – әйелдері жүкті болмай-ақ құдандасқан адамдар.
Кетқұда – бұрынғы өткен құдандастар.
Қума құдалық – 3-4 адамның бір-біріне бір кезек қыз беріп, қыз алысатын құдалығы.
Құдағи (құдағай) ерлі-зайыптылардың шешелері, әжелері.
Құда бала құдандалы адамдардың ер баласы,
Құдаша – құдандалы адамдардың қызы.


ЖАЛПЫ АТАУЛАР
Ақсақал – жасы үлкен, құрметті адам.
Қария көрген-білгені мол, көп жасаған ер адам.
Шал, қарт – қартайған ер адам.
Абышқа – шал.
Сарыкідір – елге тартқан кісі.
Ажа құрметті, сыйлы адам.
Отағасы, қосағасы – үй иесі, жолы үлкен ер адам.
Отанасы – үй иесі әйел.
Әкей, жәкей – әкені, жасы үлкен ер адамды құрметтеп атау.
Еже – әкенің апасы.
Кәрия – көп жасаған құрметті әйел.
Сардігер – жасамыс әйел.
Ебей кәрі әйел, кемпір. Ебейін, ебене, ебесін деп те айтылады.
Кемпір – қартайған әйел.
Кейуана – жасы ұлғайған ұлағатты қарт ана, әже.
Әжей – әжемен тұстас кейуананы құрметтеп атау.
Жұбай – әйелдің күйеуіне қатысты атау.
Зайып – ердің әйеліне қатысты атау.
Кішілік//кіші – әйелі, жұбайы; құл.
Апай, аяш – жалпы әйелдерді құрметтеп атау.
Бәйбіше – 1 көп әйелді адамның алғашқы әйелі.
2. жасы егде тартқан салиқалы әйелді қүрметтеп атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет