Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Тоқал. 1. қатын үстіне алған әйел. 2. екінші әйел. Алғынша, жүпті



бет149/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Тоқал. 1. қатын үстіне алған әйел.
2. екінші әйел.
Алғынша, жүпті – некелі әйел.
Келіншек – жас әйел.
Бәлекей – жас келіншек, тоқал.
Абысын-ажын – ағайынды адамдардың әйелдері.
Жесір – күйеуі өлген әйел.
Әмеңгер – шариғат бойынша жесір әйелге үйленуге құқықты қайнаға немесе қайын іні.
Бойжеткен – кәмелетке толған қыз.
Қалыңдық, шығыт – біреуге айттырылған, атастырылған оң жақтағы қыз.
Жігіт – кәмелетке толған ер азамат.
Бозбала, боздақ, бозбас – бойдақ жас жігіт.
Шақа (шақалақ) – жаңа туған бала.
Шарана – қырқынан шықпаған бала.
Бәтен – емшектегі сәби.
Қызыл қарын бала – есеймеген жас бала.
Көрбала – өмірден әлі ештеңе ұға алмаған бала
Бұлдіршін – жас буын, үш жасар бала.
Балауса, балдырған, балғын - уылжыған жас.
Ғилман – ұл, жас бала.
Нәресте – қырқынан шыққан бір жасқа дейін бала.
Сәби, көдек – бірден екі жасқа дейінгі бала.
Бөбек, бөпе – бір жастағы балалардың жалпы атауы.
Жеткіншек, қарша – тоғыз-он жасар ұл.
Өрен – жеткіншек.
Жасөспірім, науша – 11-15 жасар үл.
Ұлан – өренжас
Шараналас, емшектес – бір анадан туған бауырлар.
Шата, көрдемше – некесіз әйелден туған бала.
Қолбала – 1. жастай ұзатылып, ата-енесі тәрбиелеген келін.
2. біреудің қолында жеңіл-желпі жұмыс істеп күн көрген бала.
Жетім – әкесі не шешесі жоқ бала; соғыста емес, өзге жолмен қолға түскен тұтқын; басына азаттық берген құл.
Жесір – ері өлген әйел; соғыста қолға түсіп, олжаласқан құл.
Тұлдыр (қу) жетім – әкесі де, шешесі де жоқ бала
Кағай, тонды (киімді) бала – асыранды бала.
Анда – қандарын сүтке тамызып ішісіп, қандас туыс атанған адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет