Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Ілік – жақындық, жекжаттық байланысы. Айым



бет150/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Ілік жақындық, жекжаттық байланысы.
Айым (көне сөз) – әйел.
Еркетотай – ерке өскен, бұлан қыз.
Еркек шора – ер балаша киінген қыз.
Тарихат – бауырластық.
Бауыр – бірге туған ағайынды адамдар.
Наз әйелден шыққан сал, сері, керімсал.
Бикеш – бойжеткен қызға берілетін сыпайы атау.
Бегім (бегайым) – текті әулеттен шыққан әйел есіміне қосыла айтылатын атау.
Бибі – ақсүйек әйелге ерекше құрметті атау.
Күндес – бір еркекгің бәйбіше-тоқалдары. Өзара қызғанышты, бәсекені, бірін-бірі күндеуді аңғартатын атау.
Күндебау – екі рулы ел арасындағы дау-дамайды басу үшін татулыққа берілетін қыз.
Алакүшік – жау қолына түскен жесір.
Бал-уыз – уылжыған жас.
Бойдақ, салтаң – үйленбеген салт басты жас.
Сайдауыт – құрбылас жастар.
Ерлі-зайып – заңды некелі күйеуі мен әйелі.
Сәулім қыздың бойжетуі, бойжеткен.
Тұл – күйеуі өлген не ажырасқан, баласы жоқ жалғызбасты әйел.
Үйсынық – әйелі өлген еркек.
Қарашы – орта ғасырларда ханның қасында қызмет еткен адамдар.
Сұрқылтайханның кеңесшісі, ақылшысы, сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны.
Қараш бала – қызметші бала.
Артық ауыз бала жұмсауға ыңғайлы, епті бала.
Ида – ері өлгеннен кейінгі немесе күйеуі талақ тастағаннан соңғы жүз күндік мерзім.
Шоры – күң.
Әумие – көңілдес, тамыр.
Асылзада төре тұқымына жататын адам.
Бәдірек – сатып алған құл.
Көрбақ – үйкүшік адам.
Көкілташ – бірге туыспаса да, ханның шешімімен жас балаға аға саналу.


БЕСІК
Бесік – нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек.
Шәңгілдек – аспа бесік.


БЕСІКТІҢ ҚҰРАМЫ
Арқалық – ұзындығы 70-75 см, ұстап тұтынуға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі көлденең жұмыр белағашы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет