Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет187/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Қолкесер – соғым союшының, ішек-қарын тазалаушы әйелдердің "қолыңды кесіп алма", – деген әзіл ескертпесіне орай өз сыбағасынан бөліп берер тартуы.
Қан қуырдақ – соғым сойылып жатқанда малдың мойын етін, өкпесін, бауырын, бүйрегін, жүрегін сол малдың іш майына қуырып жейтін тұзды қуырдақ.
Шолақ сан – аязы қатты суық аймақтарда соғым етін тұздамай, қазанға салатындай бөлілектегенде арнайы мүшелемей тұтас сақталатын сан еті.
Соғым басы – соғым сойған үйдің көрші-қолаңдарын, жекжат- жұрағаттарын соғым асына шақырып сыйлау салты.
Сыбаға қадірменді, сыйлы адамдарға арнайы сақталған соғым еті.


ДЕҢГЕНЕ
Деңгене – жеке соғым союға мүмкіншілігі, жағдайы жоқ ауыл адамдарының бірлесіп, ірі, семіз қара малын не жылқысын несиеге алып сойылған малдың еті.


ҰЛТТЫҚ ЫДЫСТАР
Адалбақан киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш.
Асадал – тамақ, ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы.
Аяққап – киізден, кейде теріден төрт бұрышты үлгіде тігілетін ыдыс салатын қап.
Қап – азық-түлік салу үшін кендірден, жүннен тоқылған ыдыс.
Дағара – аузын дөңгелектеп шығарған үлкен қап.
Қоржын – салт жүргіншінің азық-түлік салуына арналған иірген жіптен тоқылған екі бөлімді теңдеме.
Дорба құрғақ тағамдар салынатын, талдырып басқан жүқа киізден, мата-жүннен тоқылған қап.
Жағылан – киізден, былғарыдан, теріден жасалған әбдіре, сандық.
Саба – жылқының, сиырдың терісінен қымыз ашытуға арналып жасалған ыдыс.
Торсық – түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалған қымыз құятын ыдыс.
Сүйретпе – жылқының бас терісін шикі күйінде жібітіп, түгін алып, бітеулей тігіп, ысқа 7-8 күн қойып дайындалған қымыз сақтайтын ыдыс.
Бөрдек – ысталған көннен тігілген қымыз ашытатын ыдыс, торсық.
Күп – қымыз құюға арналған мес.
Піспек – қымыз пісетін сапты құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет