Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет195/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Көпіршік – 1. екі елі қымыз үстіне жаңа сауылған сиырдың екі елі сүтін қосып ұйытқан тағам. 2. жаңа сауылған сүттің бетіне тұратын қалың көбік.
Қорықтық, тасқорық – отқа қыздырылған тасты салып пісірілген сүт.
Қойыртпақ – айранға, қымызға, шүбатқа сүт араластырған тағам.
Үзбен – кеспе көже.
Мәйек – жаңа туған қозының жұмыршағындағы уызды қарнымен қоса алып кептіріп жасалатын ұйтқы.
Құрғақ сүт – жүні мен шелі ұстарамен қырылып әбден тазарған, суда ұзақ уақыт ақжемделген қой терісі қазан толы сүтте үш рет қайнатылып, үш рет кептірілгенде теріге бармақ елі қойыртпақталған сүт тұнбасы.


ЕТ ТАҒАМДАРЫ
Ет – мал етінен дайындалатын тағамның жалпы атауы.
Қазақша ет – мүшелі сүйекті кесек ет пен жайма қамырды суға салып пісірген ыстық тағам.
Сырбаз – дәмдеп, баптап пісірілген балауса ет.
Бүқпа – бумен пісірілген қозының еті.
Бүрме – мал терісіне орап, сақталған ет.
Қазы – жылқының майлы қабырғасын етегімен сылып алып, тұздап, ішекке тығып жасалатын қоректі, сыйлы, жеңсік тағам.
Кере, сере қазы – семіз, майлығы бармақ пен шы-ашақ аралығына тең қазы.
Табалдырық қазы – майы аса қалың, айналдыруға келмейтін өте семіз қазы. Табан қазы, табанаяқ қазы деп те аталады.
Ала бұлт қазы – майы мен еті тең қазы.
Би қазы – бүйен ішекке тыққан жуан қазы.
Дөңбек қазы, бүжбан қазы – ішекке сыймаған-,ықтан тілкем күйінде сақталған қазы.
Шынашақ қазы.
Қылыш қазы.
Қарта – жылқының қатпар-қатпар майлы ішегінен касалатын сыйлы тағам.
Жал – жылқының пісірілген желке майы.
Жая – жылқы жамбасының түтасқан майлы сырт ;тінен пісірілген дәмді тағам.
Өркеш – түйенің піскен өркеш майы.
Құйрық – қойдың піскен кесек құйрық майы.
Шұжық – шикі еттің майлы жерінен ұсақтап турап, тұз, бұрыш қосып ішекке тығып жасалған тағам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет