Қалбыр– қаңылтырдан жасалған тамақ салатын ыдыс.
Қанар – астық, мақта, жүн сақтайтын, кенептен тігілген үлкен қап.
Қапшық – азық-түлік, басқа да заттарды салуға арналған кішігірім кенеп қап.
Шынта– ас тұратын жерді қалқалап қоршаған ши.
Зерең – ағаштан сәндеп, сыртына бояулы өрнек салын жасаған түбі шұңғыл ыдыс.
Бақыр, бақыраш – сиымдылығы 1 -2 литрлік темір ожау.
Қауақ– асқабақ тұқымдас қауақша деген өсімдіктің ішін үңгіп, шөміш ожау тақылетті жасалған ыдыс.
Ожау – сусын ішуге және оны қүйып алуға ар-налған ағаш ыдыс. Шөміш деп те аталады.
Аяқ – ағаштан ойып жасалған ыдыс.
Қобди – ұсақ-түйек салатын кішкене сауыт.
Бөгіре – кішкене қол сандық, сандықша.
Топатай – су, сүт құятын кішкене ыдыс.
Тегеш– металдан жасалған ыдыс.
Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық.
Тегене – ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.
Тостаған (көзгелдек) – ағаш аяқтың балаларға арналған шағын түрі. Көне атауы Ая. Боқжама – киізден, матадан тігілген дорба.
Боқша – матадан тігілген қалта.
Борман – әртүрлі бұйым салатын үлкен ағаш жәшік.
Абажа – кебеженің үлкен түрі.
Әбдіре– үлкен сандық.
Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен істелген торсық дорба.
Әбдесте – шүмегі қаз мойынды беті-қол жууға және сәндікке арналған құман.
Шанақ– сусын қүятын, теріден жасалған үлкен ыдыс.
Самар – ет салатын үлкен астау.
Жүкаяқ – ағаштан жасалып, беті металмен қапта-лып, әртүрлі өрнектермен әшекейленген төрт аяқты жүк жинайтын жиһаз.
Метей– су, айран қүятын кішкене ағаш ыдыс.
Талыс – жылқының, сиырдың бас терісінің түгін сыртына қаратып тіккен, түбі кеңдеу, ықшам аузы ашылып-жабылатын, екі жақтауға бекілетін сұйық тағам ыдысы.