Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Шоңқа – асық ашасының үлкен жағы. Оңқа



бет201/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   248
Шоңқа – асық ашасының үлкен жағы.
Оңқа – асықтың шоңқаға қарсы беті.
Алшы – асықтың табаны жерге тиіп тұрып түсуі.
Тәйкі (Тәйке), тана – асықтың табаны үстіне қарап тұрық түсуі, алшының қарсы жағы.
Бүге (бүк) – асықтың дөңес жағы үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі.
Шіге (шік) – асықтың шұңқыр жағы үстіне қарап алқалай түсуі, бүгенің қарсы жағы.
Тұрық – асықтың алшы не тәйкі қалпы.
Жатық – асықтың бүк не шік қалпы.
Омпа – асықтың аша жағы жерге тік тұру қалпы.
Сомпа асықтың тұмсығы жоғары қарап, тік шошая түсуі, омпаның қарсы жағы.
Табан – асықтың тәйкі жағы.
Пұш – тәйкі жағы тегістеліп жонылған асық.
Асық жамбы – асықты қалыпқа түсіріп, алынған лыпқа құйылған таза сом күміс.
Қидасын – жылқының артқы аяғында асық болмайды, оның орнына біткен сүйек.
Ешкімай, аңсық – ешкінің асығы.
Сомпай – сиырдың асығы.
Шикіл, шикіл сақа – боялмаған, қайнатылмаған ікі асық, сақа.
Қынжы (жантай) – бүге де емес, шіге де емес, ықтың бір бүйіріне қисайып тұрып қалған қалпы.
Шигедек – шігесіне қорғасын құйған сақа.
Қорғай сақа – қорғасын құйған сақа.
Таңсық – қарақұйрықтың асығы.
Таз – асықтың тәйке тұруы.


АҢ АУЛАУДЫҢ БАЙЫРҒЫ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРЫ
Шоқпар – азулы аңдарды, көбіне қасқырларды соғуға арналған қару.
Сойыл – қоңыр аңдар: арқар, қүлжа, қарақүйрық, бөкен, еліктерді сәйгүлікпен қуып жетіп, соғып жыға-тын құрал.
Ақ сойыл – сүйрете-сүйрете әбден ағарған сойыл.
Қақ сойыл – әбден кеуіп қатқан сойыл.
Сайғақ – қатты ағаштан жасалған сойылдың бір түрі.
Арқан – қылдан, мақтадан, зығыр талшықтарынан бұрап есілген бұйым.
Аусар – аң аулайтын тор.
Аран – құлан, киік, тарпаң секілді аңдарды аулау үшін жазық далада ұзындығы 15 шақырым, ені 5-6 метр терең, доғаша иілдіре қазылған ор. Тұзақ – жылқының жалынан, кекілінен, құйрығынан есіліп жасалатын, аңшылар қолданатын құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет