Халуа– күйдірген майға қуырылған ұнды шекер ертілген суға шылап әзірленген тәтті нәр.
Алуа-шекер – шырынды тәтті нәр.
Сарышекер – құмшекерге су, сүт қүйып қайнатып дайындалатын тәтті.
Қауыншек– қауынның жіңішке тіліктерін ішекше өріп кептірген тәтті татым.
Қауынқұрт – қайнаЛілған қауыннан жасалған тәтті қүрт.
Қауынқақ – қауынды жіңішкелеп тіліп, күн көзіне кептірген тәтті тағам.
Қақ – кептірілген жеміс.
СУСЫНДАР Шалап, сүмесін – айранға су қосқан шөл басар сұйық сусын.
Ашымық, ашымақ – ұн, тары, талқан, қамырдан жасалған сусын. Ащы айран, қымыз.
Кеусер– шипалы сусын.
Шәрбат – жүзім шырыны, сусын.
Боза – дәнді дақылдарды сүтке қайнатып, ашытып жасаған сусын.
Ақірім – сүр еттің сорпасына айран, қымыз қосып жасаған қышқыл сусын.
Шай – шөл басатын ыстық сусынның жалпы атауы.
Аққұйрық шай – қара түсті шай.
Күрең шай – сүт, қаймақ қатқан күрең түсті шай.
Көк шай – шөл басар әрі шипалы сусын.
Қара шай– сүт қатпай шекер езіп ішетін шай.
Атау кере – адамның өлер алдындағы ең соңғы асы.
Еннің түрлері: Солақ– құлақтың артын оя кесіп салынған ен.
Олақ – құлақ үшының алдыңғы жағынан орай есіп салынған ен.
Тілік ен – құлақтың ұшын сұғынта тілген ен.
Ойық ен – құлақтың шетін ойып кескен ен.
Құмырсқа ен– құлақтың екі қапталынан қатар ойып салынған ен.
Кез ен – тіктеу түрде айыр етіліп кесілген ен.
Сырға ен – тілік ен мен ойма ендердің қосылған түрі.
Ойма ен– қүлақтың ортасын тесе ойып кесіп ала-ын ен.
Кесік ен – құлақтың үш жағын шорт кесіп алатын ен.
Таңба – ен емес, қара малдың мүйізіне, жылқының сауырына күйдіріліп басылатын жеке белгі, мөр.