Кәкірім сорпа– қышқылтым дәмді сүр ет сорпасы.
Ақ сорпа – сүзбе, айран, құрт езіп қосқан сорпа.
Жас сорпа – жаңа сойылған мал етінің сорпасы.
Тұздық – піскен еттің пияз, сарымсақ туралып, бұрыш қосқан тұзды, майлы сорпасы. Үстіне құйылған қоспаға қарай қатық тұздық, қымыз тұздық, тоспа тұздық, құрт тұздық, ақ тұздық түрлері болады.
Төстік, құйқалақ– қойдың төс сүйегі сыртындағы майлы етін терісімен сылып алып, отқа қақтап үйіткен жеңсік тағам.
Етқошан – қой құйрығы, қамыр, өсімдік майын қоспалап, қарынға салып пешке пісірілген тұзды – бұрышты тағам.
Мипалау– пісірілген мал басының миына құйқа, құйрық май, бауыр, бүйрек қосып, тұздық не сорпа құйып араластырылған дәм.
Құйқа – малдың терісімен үйітілген еті.
Сілікпе – жас малдың майға қуырылған еті.
Сірне (бұқпа)– жас малдың (марқа) етінен қарып, қазан буына бұқтырылып пісірілген тағам.
Жерқазан – жас жылқының сұрпы еті сыдырылып өз қарынына салынып, жерошақтағы қызыл шоқ қоламтамасына көміліп, буына піскен тағам.
Жаубүйрек– сойылған семіз лақтың май басқан бүйрегін арқа омыртқаларына жабысқан күйінде сыртындағы майын бұзбай қазанға салып пісірілген тағам.
Қаттама – қамырдың жұқа жайылған бетіне май жағып, үстіне ұсақ туралған ет салып орап буға пісірілген тағам.
Қалжа – босанған әйелге арнап сойылған малдың жас еті.
Жөргем – өріліп пісірілген мал ішегі.
Шүлен – ақысыз, пүлсыз тегін таратылатын ас.
Қарыма – нан қосып суға пісірілген балық.
Қақпыш (қапқыш)– қақталған балық.
Бекіренің бес кеспесі – қамыр салып суға пісірілген бекіре балық еті, ыстық тамақ.
ТӘТТІЛЕР Қант – қант қызылшасынан өндірілетін ақ түсті тәтті.
Науат– балқыта қайнатып қатырған мұз түсті мөлдір қант.
Бал – гүл шырынынан ара арқылы алынатын қоймалжың, шипалы тәтті тағам. Кей аймақта әсел аталады.
Шақ-шақ – қамыр, сүт, қант, жұмыртқа қатқан ерітіндіге илеп, бауырсақша есіп, жіңішкелеп қысқа кесіп, қатты қайнап жатқан мал майына пісіріп, бетіне ыстық бал жағып, құмшекер сепкен, бір үлгіге келтірілген тәтті.