Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Көркем мәтіндегі лингвокультуремалардың концептуалдануы



бет221/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

1. Көркем мәтіндегі лингвокультуремалардың концептуалдануы.
Кез келген ұрпақтың өзін-өзі тануы уақыт пен мәдениет сабақтастығында жүзеге асатын оның тарихы мен рухани негіздерін білмей ешқашан да іске аспақ емес. Сондықтан да болар, уақыт өткен сайын тіл мәселесі тек тіл мамандарын ғана емес, адаммен байланысты барлық мамандық иелерін толғандыруда. Олай болса, лингвистердің тілдік болмысқа түрлі көзқарас деңгейінде талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге талпынған әртүрлі бағыттарының қалыптасуы табиғи құбылыс.
Сондықтан тіл мен мәдениетті зерттеу жеке-дара күйінде емес, олардың өзара байланысын айқындауға құрылуы тиіс. Осымен байланысты тілді зерттеудің ерекше деңгейі – жеке тұлғаның шығармашылық әлемі, көркем мәтін тілі. Себебі бұл әрекет – объективті шындықтан алынатын әртүрлі ақпаратты өзінің ішкі әлемінде қайта өңдеп жасаған субъективті шындық. Сондықтан психикалық болмыс кеңістігі мазмұнға толы. Жазушының көркемдік әлемі, архетиптік ойлау жүйесі көркем мәтіннің ұлттық-мәдени ерекшелігін құрайды. Бұл арада жазушының, ия ақынның көркемдік әлемін бейнелейтін ерекше «тіл әлемін», шығармасын түсіну, дұрыс қабылдау оқырманға таныс ассоциация, бейнелер, ұғымдар арқылы, яғни аялық білімі негізінде іске асады. Осылайша құрылған қаламгердің көркем тілі өзіне тән ерекшелігін, ішкі тәжірибесі мен таным-қабілетін көрсетеді. Осы арада шындықты ұлттық мүдде тұрғысынан бейнелеуді мақсат еткен қаламгердің шығармашылық тілін ұлттық таным мен түсінікке сәйкес тілде қалыптасқан белгілі тілдің құралдарымен тұтастықта зерттеудің мәні зор. Себебі сонда ғана қаламгердің шынайы көркемдік әлемі және соны бейнелейтін өзіндік көркем тілі айқындалмақ. Мысалы, Ә.Кекілбаев шығармасынан алынған мына бір үзіндіге назар аударайық:
- Ал, бала, қалай барып қайттың? Ақ патшаның қызы жоқ па екен? Күшік күйеу қып қолына ұстап қалды ма деп зәреміз зәр түбіне кетті ғой. Үш жыл бойы суға батқандай зымқайым жоғалған соң қайтып қобалжымассың. Ту, бұған да жететін күн бар екен-ау! (4;84).
Бұл өз кезегінде осы саладағы зерттеулерді интегративтік дискурста жүргізуді қажет етеді.
Тіл қызметі мен табиғатын бұлайша қарастыру соңғы кезде тіл біліміндегі тіл мен ойлау, тіл мен таным сияқты кешенді проблемалардың айналасында тоғысқан жан-жақты зерттеулердің күшеюімен байланысты. Атап айтқанда тілдің тарихи-онтологиялық аспектісіне қатысты когнитивті лингвистика және тіл табиғатын ұлттық ойлау, ұлттық таныммен, ұлттық мәдениетпен тығыз байланыста қарастыратын этнолингвистика мен лингвомәдениеттану. Осыған орай қазақ тіл білімінде жүргізіліп жатқан зерттеулердің үрдісі осыны айғақтайды.
Жазушы шығармаларында қазақ халқының ұлттық санасында қалыптасқан күштіліктің символы – нар түйе, елі үшін туған ерлердің жан серігі – арғымақтарының не ақ боз, не көк түс түрінде келуі киелі қасиет болып қалыптасқаны лингвомәдениеттанымдық сипат алған. Бұлай дейтініміз, ауыз әдебиетінде негіз салып, жыраулар поэзиясында жалғасын тапқан күштілік пен арғымақтар теңеуі Ә.Кекілбаевтың туындыларында да танымдық тұлғалануын айшықтай түседі. Салыстырмалы түрде алатын болсақ:
«Қобыланды» жырында:
…Сарай да сарай, сарай бар,
Сарайға қолды жеткізген
Қос өркешті қызыл нар (39;37).
Махамбетте :
Қара нар керек біздің бұл іске (40;45).
Ә.Кекілбаевта :
Тайлағын тарпи–қарпып аймалайтын нар түйедей, тапап тастардай тарпа бас салып…(41;371)
Ары қарай саралайтын болсақ, нар – үлек пен айыр түйенің тұқымы. Қоспақ – аналығы нар түйе мен аталығы айыр түйенің тұқымы. Жоғарыдағы батырлар жырының үзінділерінде қос өркешті қызыл нар, қоспақ нардай тіркестері нардың екі түрін бір ұғымда берсе, Махамбет пен Ә.Кекілбаевта нақты салалық қызметінде келтірілген.
Шыдамдылықты, тарпаңдықты, айбындылықты нарға теңеу қазақ топырағында туғандарға ғана ұғымды, соларға ғана етене жақын. Басқа тілге аударса, нар, қоспақ сөздері «одногорбый верблюд» түсінігінен басқа ешқандай мәнге ие болмайтын сияқты. Атқа байланысты танымдық теңеулер де осы ойымызды дәлелдей түседі.
Қобыландыда: «Біз байлаған бурылда қырық үш күндік кемдік бар»(39:34), Махамбетте: «Көк бедеуді бауырлап, шабамын деп сен тұрдың; мінгені Исатайдың көгілдірді-ай,әскерін Барша құмға төгілдірді-ай» (40;53); топтан озған тарлан боз (40;33) делінсе, Ә.Кекілбаевта осы қолданыстар былайша жалғасын табады:
…Көк арғымақтың үстінде шалқалап жатқан Жұма …дәу қара құлыптасты иегімен нұсқады. (40;67).
…Алақанын қажеп тастаған ақ боздың тізгінін болар болмас іріккендей болды.(40;24).
Көріп отырғанымыздай, Қобыландының Бурылында (ақ пен көк араласқан түс), Махамбеттің көк бедеуінде (көк пен боз және ақ түс жылқыға байланысты бір мағына білдіреді), Исатайдың көгілдірінде, Әбілқайырдың ақ бозында халықтың ақ ниеті, азаматтарына серік болар ақ тілектері жатыр десек, ол ұлттық мәдениет пен ой-жүйесінің көрінісі. Сонымен бірге Ә. Кекілбаев шығармаларында осындай ұлттық болмысты айшықтайтын өзіндік жаңа тіркестер де қолданылады:
Қара батырдың дүние салып, бір айғыр Төбенің басына бөлек иемденіп жатып алғанына біраз болған (40:146).
…Дегене молда айғыр топтың ортасында тұрған Мәмбетпанаға көз тастады (41;74).
…ауыл сыртындағы айғыр жалға қарай бүкшеңдей жөнелді (42;272).
Көркем мәтінді талдай отырып, біз оның эстетикалық және лингвистикалық табиғатын, коммуникативті мәдениеттанымдық маңызын танимыз. Оның айқын тілдік көрінісі – белгілі бір тарихи кезеңге арналған шығарманың сол кезеңнің шындығын, ұлттық болмысты сипаттайтын тілі. Мысалы: Хан аңға аттанған күннің ертеңіне қыр басынан он екі бидің шошақ бөріктері көрінеді. Орда маңы сый қонақтарды құрақ ұшып қарсы алып, ақ боз үй, құс мамық төсекке жайғастырады. (3,12) Немесе: Енді, міне, көз алдынан бұл-бұл ұшып, сағымға сіңіп жоғалып жатқан қазан-қазан қызыл қуырдақтан қарадай қағылып, аузынан суы құрып, соры әбден қайнап келеді. (3,9).
Көріп отырғанымыздай, көркем танымдық кеңістіктегі тіл қызметінің арқасында рухани-мәдени мұрада сақталған, әрі ұлттың дәстүрлі дүниетанымдық ерекшелігіне сай туындап, ежелгі уақыттан қолданылған дәстүрлі мәдени бұйымдар да айшықталған.
Мысалы, Шернияз өлеңінде қазақ тұрмысы суретінің санамызда бейнеленуін, ассоцациалануын қазақ тұрмысындағы ең маңызды мәдениет бұйымының бірі – киіз үйдің бар құрама бөліктерімен, жиһазымен тұтас суреттелуінен көреміз:
Әкеңнің бір атасы Қоянжырық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет