Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет222/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Босаға маңдайша мен табалдырық
Кереге алты қанат, алтын уық
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық
«Төріңде», - сандық айтар, - төремін деп,
Есік айтар «әр нәрсе көремін», - деп,
Ернін жалақ қылыпты жомарт ожау
Көрінгенге қол қайыр беремін деп.
Ожау айтар: «қазанға қапталдым», - деп
Қазан айтар: «қарнымнан қапталдым», - деп
Жүгіріп кет от айнала шәйнек жүрер
Қылығым не құдайға жақпадым деп
Кетпен айтар: «ағашқа басталдым», - деп,
Балта айтар: «Барлығына дақ салдым», - деп,
Текемет төрде жатқан сал ауыру,
Жақсыға жаманға да тапталдым деп,
Ыстыққа қол батпаған шөміш батқан
Сықырлап төсек ағаш жылап жатқан
Қылмысы бұл жалғанға жаққан тұтқыш
Бетіне қазан ұстап күйе жаққан,
Асылып керегеге ішік толып
Толғайып тұз баспақ тұр іші толып
Мейманды үйге келген күтіп алып
Құман тұр от басында келін болып
Туырлық, үзік, белдеу, ши, дөдеге
Шалқалап түндік жатыр дәл төбеде
Орнықты бәйбішедей қара саба
Астында орындықтың мыс тегене
Тағы да мен айтпаған күнің қалды
Қабыңда түтілмеген жүнің қалды.
Шелек, қайрақ, ұстара, алдабақан
От басы, ошақ қасы, күлің қалды.
Тағы да мен айтпаған мосы қалды.
Ыңыршық пен ашамай қосы қалды
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң
Бұл Шерің сөз таба алмай шошып қалды.
Болғанда тотай, құлға асық қалды.
Аяққапта қырғыш пен қасық қалды.
Демек, тіл – этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының куәгері, қоры іспетті.


2.Лингвомәдениеттанудың көркем мәтіндік кеңістігі
Тілді зерттеудің қазіргі замандағы антропоөзектік парадигмасының шеңберінде көркем мәтін тілін лингвомәдениеттанымдық аспектіде кешенді қарастыру тіл қызметін адамдардың дүниетанымдық көзқарастары мен қоғамдық қызметі сабақтастығында сипаттап, тіл тек коммуникация мен таным құралы ғана емес, ұлттың мәдени коды ретінде, ең алдымен, тіл арқылы қалыптасқан мәдениеттің символдарында, паремиологиялық, фразеологиялық жүйесінде, прецеденттік, сакралды атаулар мен метафораларда сақталғанын көрсетеді.
Осыған орай лингвистердің көркем мәтін тілін талдау барысындағы зерттеушілік өрісі тілдің имманенттік құрылыс кеңістігімен (атап айтқанда, ең үлкен тілдік бірлік ретінде сөйлемнің кеңістігінен) шектеліп қоймайды.
Ал бүгінгі ұлттық сана жаңғырған кезеңге сай дамушы антропоөзектік парадигмада тіл қызметі статикалық күйде емес, динамикалық сөз үдерісінде, мәтіндік, соған сабақ тіл тұтынушының танымдық-тұлғалық сипаттағы дискурстық талдау негізінде кешенді түрде зерттейді.
Осымен байланысты лингвистикадағы дәстүрлі жүйелі-құрылымды кеңіткен парадигмалық өзгеріс көркем сананы, көркем мәтін кеңістігін зерттеуге назар аударып, тілді зерттеуде психологияландыру мен гуманизациялау үрдісін өзектейді. Яғни антропоөзектілік функционалды парадигмаға қарай ойысатын дара, шығармашыл тұлғаның болмысын дүниетанымдық орталыққа шығарады.
Осымен байланысты қазақ ұлттық мәдениетінің көрнекті өкілі, сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының көркем мәтінінің ұлттық арқауын ұстап тұрған метафоралық сипаттағы лингвомәдени бірліктерге назар аударайық. «Таңертеңгі күн сәулесі тау қойнына ұрланып қана, ұялып қана кіріп келе жатты. Суық түксиген қоңыр құздардың бойы жадырап, қабағы да жылна бастады. Күн сәулесі әуелі алып жоталардың бүйіріне түсіп еді, енді кәрінің жонын сипай, кеудесіне қарай өрледі» немесе «Қалтамда сол тұмарша, аузымда сол қымыздың дәмі, құлағымда құлын даусы, басқа дабырдың бірі құлағыма кірмей, бірталай адаммаен кемеге келіп міндім» сияқты этносимволдық бірліктер; «Өжет көк қырғилар күміс найзағайдай жарқылдап, біресе ағып аспанға шығады, біресе көкті тіліп төмен ағады. Құлдырап төмен ағып кеп, қайта шапшиып жоғары кетеді! Әттең әлі аз! Тас артып алған машинадай салдыр-гүлдір ауыр «қоңыр алалар» ортаға алып, қамай бастаған соң, біздің көк қырғилар сытылып шығып, тағы кетіп қалды.»; «Сай-сала, жіңішке соқпақтармен шұбырған босқын «Алқакөл сұламасына» қарай кетіп бара жатыр (прецедентті атаулар). Таланып қалған бұралқы иттей (фразеологиялық тіркес) артына бұрылып арс етуге де шамасы жоқ, әр тасадан бір қылт етіп қалады»; «Қосақтала-топтала жалт-жұлт ұшқан «Катюшаның» оқтары көп көкжалдың үйіріндей жөңкіліп, жосылып бергенде бет қаратқан жоқ».
Осындай көркем жүйенің негізінде жүргізілген зерттеу барысында тіл қызметінің коммуникативтік сапасы анықталып, тілдің эстетикалық, танымдық-ақпараттық мазмұны оны бүгінгі күнмен жалғастырып, тілдің өміршеңдігін дәйектейді.
Бұл орайда тілдің коммуникативті-прагматикалық әлеуетін бейнелейтін суреткердің ішкі дара әлемі мен философиялық ұстанымын танытушы көркем тәсілдер, ең алдымен, когнитивті тетіктер анықтап алуды қажет етеді. Мысалы, тұлып сөзінің тура мағынасын, жасалу технологиясы мен оның қолданылу мақсатын қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысын жақсы білетін кез келген қазақ түсінеді. Ал ақын Ж.Нәжімеденовтің мәтінінде тұлыпқа мөңіреу «өз-өзіңді алдау» емес, «жұбату» деген концептілік жүйе құрайды:


Тырсиып жатты алдында қара тұлып,
Алдау мен мазақтаудан жаратылып.
Иісі бар сол тұлыпта ботақанның,
Әйтпесе тебер еді нар атылып.


Өзін-өзі жаулаған ел, о, Тәңірі,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет