Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет159/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

ӘЙЕЛДІҢ СЫРТ КИІМДЕРІ
Белдемше – 1. той-думандарда көйлек үстінен киетін сәнді сырт киім үлгілерінің бірі. Той киімі ретінде жаңа түскен келінге де арнап тігіледі.
2. Әйелдердің жылылық үшін қалың матаның арасына түйе жүнін салып сырып тіккен, ені қарыстай белбеу тәрізді белге байлар тартпа.
Келеме – жібектен тігілген, сәнге киер сырт киім.
Кеудеше – кеудеге киетін сырма, жұқа, жеңіл киім.
Кәзекей – жеңсіз, жағасы кеңірек ойылған, етегі белден төменірек түсетін,бағалы матадан тігілген жеңіл киім.
Қамзол – көйлек сыртынан киетін жеңсіз не шолақ жең, жеңіл, сәндік әрі жұмыс киімі.
Көйлек (бүрмелі көйлек, қос етек көйлек, төкпелі етек көйлек т.б.).
Кіреуке – алтын тінді зерлі жіппен тігілген, аса қымбатты, сәнді жібек шапан.
Сатипа – жеңі шолақ сырт киім.
Тізеқап – суықта, аязды күндерде екі бұтқа ғана киетін, ауы, ышқыры жоқ екі балақ.
Қырмызы тон – қыз-келіншектерге арналып қызыл масатыдан тігілетін қаптал шапан.
Қызыл тон – мақпалдан тігілген жазғы шапан.
Қамқа тон – иі қандырылып өңделген жұмсақ қой терісінен, қамқадан, өзге де әдемі аң терісінен жаға салып тігілген, қаусырмамен түймеленетін бағалы киім.
Шадыра – жеңіл матадан үзын тігілген жамылғы.
Қынама – белі бүріліп сәнді тігілген киім.
БАС КИІМДЕР
Ер адамның бас киімдері
Тақия – кестелеп, сырып тігілген дөңгелек жеңіл бас киім.
Пәс – шашақты биік тақия.
Топы – жан-жағы тік, төбесі жайпақ тақия.
Тебетей – тымақ, бөрік ішінен киетін дөңгелек жұқа тақия.
Телпек – төбеге ғана киетін тақия тәрізді бас киім.
Күләпәрә – мауыттан, шұғадан, шидемнен тігілген, басты шаңнан қорғау үшін жазда не жаңбыр мен қардан сақтану үшін қыста тымақтың сыртынан киетін жеңіл бас киімнің бір түрі.
Бөрік – елтіріден, аң терісінен істелген, жиегіне жұрын жүргізген, матамен тысталған, құлақсыз дөңгелек бас киім. Жаздық, қыстық түрлері бар. Жаздығы жеңіл, қыстығы қалың астарлы. Тігілген материалдары мен тігілу үлгілеріне қарай бөріктің атауы көп. Мысалы: жекей бөрік, қама бөрік, құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, құмыра бөрік, ұшпақ бөрік, сусар бөрік, шошақ бөрік, үкілі бөрік, тік бөрік, шоқты бөрік, нар өркеш бөрік, қазақы бөрік, ноғай бөрік, шеркеш бөрік, құрайыш бөрік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет