Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Аталғы (қырғ., қаз. диал. (С.Аманжолов)) ~ атал-гы



бет47/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   248
Аталғы (қырғ., қаз. диал. (С.Аманжолов)) ~ атал-гы (тат. диал.) ~ аталға (қырғ.). Э.В.Севортян оны моңғол тілдерінен кірген деп санайды [ЭСТЯ, 202]. Оған түбірлес, мәндес басқа сөздің кездеспеуі осы пікірді қуаттайды. Еңбек құралының атауы ретінде оның әрбір тілде қолданыс ерекшеліктері бар. Мысалы, қырғыз тілінде ол – ершінің (ер істейтін шебердің) жүзі, қайқы кішкентай балтасы; татар тілінде – қырғы, қайқы пышақ; қазақ тілінде – кетпен, шапашот т.б.
Асық: аšіq (қыр.тат., қар., қырғ., тат., башқ.) ~ асық (қаз., ноғ., қ.қалп.); ежегей: ежигей (қырғ.) ~ әжікәй (башқ.) ~ ежегей (қаз.) ~ әжекей (тат. диал.). Ол – қойдың сүтінен жасалатын, ұзақ сақталатын сүт тағамының атауы [35, 10]. Кейбір тілдерде оның өзге де мағыналық реңктері бар: башқұрт тілінде – кішкене май мен қант қосылып, әбден құрғағанша қайнатылған сүзбе; татар тілінің диалектісінде – кептірілген қызыл сүзбе; қазақ, қырғыз тілдерінде – ірімшіктің ерекше түрі; қалмақ тілінде – қой сүті т.б. Э.В.Севоpтян бұл сөздің де төркіні моңғолдық деп санайды [ЭСТЯ, 235]. Оның дұрыстығын ежегей сөзінің аффикстік морфемасы (-гей) да айқындай түсетін секілді.
Ій:iй (қыpғ., қ.қалп.,) ~ (қаз.). Қазақ тiлiнде -сөзi жеке қолданылмайды, тек қана иi қану деген тipкестiң құpамында сақталған. Ал, Э.В.Севоpтянның сөздiгiнiң деpектеpiне сүйенiп, қаpақалпақ тiлiнде -ий «теpiнi илеуге пайдаланатын ашытқы» екенiн анықтаймыз. Сонымен бipге В.В.Pадлов та өз сөздiгiнде қыpғыз (қазақ) тiлiнде -и – иленген теpi деп көpсеткен [РСл, Т.І, 1407]. Қазақ тiлiнде, басқа да қыпшақ тiлдеpiнде бұл түбipден таpаған туынды етiстiк – и+ле. Көpсетiлген сөздеpдiң бәpiне оpтақ мән «жұмсаpту» болса, иi (желiннiң июi) етiстiгiн де осы қатаpға қосуға болатын сияқты.
Еp: ейер (башқ., қыр.тат.) ийер (ноғ.) ~ ийәр (тат.) ~ еер (қырғ.) ~ ер (қар., қаз.) ~ йер (қ.қалп.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет