Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет44/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   248
    Бұл бет үшін навигация:
  • Örgän
а) олардың біразы тек дыбысталуымен ғана қазіргі қазақ тілінен аз-кем ерекшеленеді: jemiš – жеміс; bagir – бақыр; jörgäk – жөргек; jügün – жүген; jüzük – жүзік; kerägu – кереге; kisan – кісен; komäč – көмеш; bešik – бесік; bičak – пышақ; bogayu – бұғау; börk – бөрік; čit – шыт; čir – шыр: шыр біту; čaruq – шарық; ebar – ер; ičuk – ішік; jignä – ине; qonrayu – қоңырау; qurut – құрт; sir – сыр; šonqur // šonqar – сұңқар; očaq – ошақ; qamči – қамшы; qumuz // qimiz – қымыз; tugma < tug – түйме < түй; süzmä – сүзбе;
ә) морфологиялық құрылымы бойынша ерекшеленетін атаулар: bašaq – башмақ; čomča < čom // čom – шомылу; шөміш; özdäk suvda čomdi – үйрек суға сүңгіп кетті. М.Қашқари сөздігінде осы мағынада čom варианты да көрсетілген. Қазақ тілінде одан туындаған шомыл сөзін, оның ауыспалы мағынасын («ойға шомды») келтіруге болады. Jalma – желбегей. Егер бұл сөз метатезалық құбылыстың нәтижесі десек, онда: jalma > jam // jap деп жорамалдауға болады. Сонда семантикалық реңкі де өзгеріп, «жамылатын» заттың атауы деп қарауға болады. Küp – күбі; küpik – күпі; qajyiq – қайық; say – сабау; tariy – тары. Осы атауға байланысты бір ерекшелік – tariy сөзі ескі түркі тілінде тек «тарының» ғана емес, жалпы астықтың, бидайдың да атауын білдіретін жалпы ұғым. Бұл сөздің тарихи морфологиялық талдануы негізінде (tariy > tar «тарату» (себу, егу)) о баста жалпы атау ретінде қалыптасқан, ал «бидай» т.б. атаулар егіншілік мәдениеті дамуының күшеюімен байланысты жіктелуінің нәтижесінде туған болуы мүмкін: üzänü – үзеңгі; tan – елек < tanla – таңда; japtač – жабу;
б) фоно-морфологиялық өзгерістер нәтижесінде туған атаулар: čačir // čatir > čač «шаш» – шатыр шаш; könläk > kön // kön «иленген тері» – көйлек; joydu > joy «араластыру», «ұйқала» – шуда; tügmä > tüg // tüj – түйме > түй;
в) қазіргі түркі тілдерінде кездеспейтін зат атаулары: Олар сол дәуірге тән материалдық өндіріс деңгейін, мәдениетін көрсетіп, кейбір жағдайда оның дамуы нәтижесіндегі жіктелуінің көрінісін бейнелейтін тәрізді. Мысалы: abrim – ердің астына салатын киіз [МК, І, 66]; jetän – мақта мен жүнді тарайтын құрал; joyurt – ашыған сүт > joyur «мешать», «месить»; joyuryuč – оқтау > joyur «мешать», «месить», «скатывать»; joyurqan – көрпе. Қазіргі қазақ тілінде жуырқан сөзі диалектілік ерекшелік ретінде қолданылады. Jörgömäč – iшекке орап, өріп пісірген тағам; jörgänču – 1) сырылған көрпе; 2) орау, шұлғау > jorqa kebüt – жасау ия сый ретінде берілетін халат, киім. Ол қазақ тіліндегі киіт сөзімен мәндес келетін тәрізді. Kerim – кілем > ker; кер > kerki – кішкентай балта; kesgü – кесуге арналған құрал; kepäz – мақта; kön – иленген тері. Ол қазақ тілінде – көн, көн терісі, көні жібу т.б. тіркестерінің құрамында кездеседі. Barčin – жібек мата; tösäklik barčin – төсектік мата. Қазақ тілінде баршын сөзінің түсті білдіретін мағынасы сақталған. Bögdä // böktä – кездік; buqarši // buqurši – темір тісті соқа; könäk – су таситын ыдыс. Ол, сірә, теріден жасалатын болуы керек. Қазақ тілінде – көнек // көнектей боп, т.с.с Köpčük – көпшік. Қазақ тілінде көпшік сөзі диалектілік ерекшелік ретінде «жастық» мағынасында қолданылады. Qojuš – су ағатын науа > qojsa «тегістеу, қырнау»; turma – тұрып (редька).
М.Қашқари сөздігінің деректерін салыстыра-топтау барысында заттардың атауына қатысты лексикалық единицалардың тек атауыштық қызмет атқарып қана қоймай, көбінің терминдік мәнге ие бола бастағанын да көреміз.
Оны, әсіресе, атаулардың жасалуының белгілі бір сөзжасам модельдеріне бағынуынан көруге болады. Қазіргі қазақ терминологиясында да тілде бұрыннан қалыптасқан сөзжасау модельдерінің ізімен жасалатын бұл тәсіл терминжасамның ең өнімді амалдарының қатарына жатады [33]. Соның негізінде М.Қашқари сөздігі материалы бойынша белгілі бір семантикалық жүйе құралып, терминдік жүйенің де нышандары байқалады. Мысалы:
а) тұрмыс бұйымдары: susyay – ожау; tusiq – шелек; tukän – есекке артылған жүктің бір жағындағы қоржын; sayirсусын дайындайтын ыдыс; könäk – мес; közägü – көсеу; közgü – айна. Қазіргі кезде бұл атаудың (көзгі) сақталмауын оның жаңа атаумен (айна) алмастырылуымен түсіндіруге болатын сияқты. Örgän – жуан арқан; qašuq – жылқының терісінен жасалған торсық; tükäk – жүкті ерге байлау үшін жіптің ұшына бекітілген ағаш сақина > tük // tüj; učan – екі желкенді қайық; ujma – аяқ киім жасайтын киіз > uj «нығыздау»; ugurmak – түйенің арқасына бекітіліп, отыратын орындық ретінде пайдаланылады; ükäk – жерлеуге апаратын зембіл; ükäk – мұнара; sin – төсек; sütük – ірі қара малдың сүйегінен жасалған бұйым; tar – үрленген тері қаптардан, бөренелерден және қамыстан құрастырылған сал; tartiy – буып-түйетін қайыс; ustam – қайысқа не ерге алтыннан ия күмістен салынатын әшекей; ütük – үтік; uzänü – үзеңгі; tim – шарап толтырылған мес; tolqug – үрленген қап, мес; torqu – жібек, қазақ тілінде: торғын // торқа; torpig – егеу;
ә) тағам атаулары: qaqurjan – май жағып, пешке пісірген нан; qor – сүтті ия қымызды ашытатын ұйытқы; uruš – астықтың уызданған дәнін қуырып жасаған тағам; süllüg et – шикілей піскен (қаны бар) ет > sül «жаңа, жас, нәрлі» т.б.; tutmacұннан жасалатын тағам, лапшаның түрі; turmak – ішіне ірімшік, май ия ет салынып пісірілген ет; ügrä – ұннан жасалған тағам; ügür // ujur – тары; top – топ; erük – өрік; tayna – айран; ubitma – ірімшік > ub~uj – ұй;
б) киім атаулары: suluq – сәлде; suqarlač börk – үшкір ұшты ұзын бөрік; ilärsük – қарынға тағатын белбеу; saqaldiriq – тамақтың астынан бөрікті ұстап тұру үшін байлап қоятын жібек жіп; etik – етік; tizildirik – әсемдік үшін етікке тағылатын металл тізбектер; qars – түйенің ия қойдың жүнінен істелген сырт киім;
в) мәдени бұйымдар атаулары: Сонымен бірге М.Қашқари сөздігінің деректері материалдық өндірістің белгілі бір салада қалыптасқан мәдениетінің көріністерінен де хабар береді. Мысалы: siričya – әйнек; qaš – нефрит; but – ханзада ия ханшаның маңдайына тағылатын ірі ақық тастар (бирюза); jez – сары мыс, жез; jančiq – әмиян, шилан; tergi – тамақ ішетін үстел; tütsük – хош иіс шығаратын шырақ; ubu – қорғасынды ақ сыр; – жазатын қаламның ұшын жасайтын ағаш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет