Қазақ тілді оқулықтың сапасына сын айта тындар көбіне мәтіннің ауырлығы мен



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата06.03.2017
өлшемі4,21 Mb.
#7872
1   2   3   4   5   6

біздер зиялы санайтын қауымның 

көбі бой көрсетпеді...

Қазақстанда  1936-37  жылдары  ал-

ғаш  рет  кәсіби  би  мектебін,  би  театрын 

қалыптастыруға ұмтылған, осы істі қолға 

алған  қазақтың  тұңғыш  биші  қызы  – 

Шара жиенқұлова. ол көптеген елдерде 

өнер көрсетіп, тәжірибе алмасып, нәти-

же сінде  әр  биге  образ  бере  отырып, 

қазақ  биі  тұтас  шағын  миниатюралық 

шы ғарма  келбетіне  ие  болуы  тиіс  деп 

түйді. 

Шараның  орындауындағы  қазақтың 



күл дір гі әндеріне құрылған “Молда бай”, 

Кәсіби бидің басында кім тұр?



Қазақтың кәсіби би мектебі, би театры қашан қалыптасқан және оның 

негізін қалаушысы кім? 

айгүл райыМҚұЛОва, Алматы облысы

“жариям-айдай”,  “бүркіт ші”,  “Сауын-

шы  жеңгей”,  “Шахтер”,  тағы  басқалар 

тен дес сіз  қайталанбас  дүние лер  еді.  би 

тәңі рісі  атанған  Шара  өзі  бастаған  істі 

түп кілікті  нәтижеге  жеткізбей  тынбайтын. 

ол  бишілікті  ғана  қанағат  етіп  қоймай, 

би  туралы  білімді  дамытуға,  ол  өнердің 

теориясы  мен  тарихын  жасауға,  би  сах-

насының шеберлерін даярлауға өлшеу сіз 

зор үлес қосты. 

оның  қаламынан  шыққан  “Қазақ 

биі”, ‘’Сымбат”, “Өмі рім менің – өнерім”, 

“би  құпиясы”  кітап тары  тек 

маман дардың  ғана  емес, 

қалың  оқырман  қауымның 

қалт қысыз  ықыласына  ие 

болды. 


Тәжірибелі  пе да гог,  та-

лап шыл  ұс таз,  мейірбан 

тәлім гер  Шара  ұзақ  жыл-

дар Қазақ ССР ән-би ансам-

блінің  көр кемдік  же тек ші сі, 

алма ты  хо ре о г ра фия  учи -

лище сі нің  басшысы  бо  лып 

би ші лердің  бір не  ше  талант-

ты  буын да рын  тәр биелеп 

өсір ді.  ол  “Қыз  жібек”  опе-

расын да ғы билер ді қойғаны 

үшін  Республика  Мем лекет-

тік  сый лы ғының  лау реаты 

атанды.


ансамбль  өздері  құрылған  70-80 

жылдары  Польша,  Франция,  жапо ния, 

Германия,  Египет,  Сингапур  мемле кет-

те рінде  концерт  беріп,  көзайым  көрер-

мендерін  өнерлерімен  тәнті  етіп  қайтты. 

осылайша он бес жыл сахнадан түспеген 

«айгүлдіктер»  араға  26  жыл  салып,  40 

жылдық мерейтойлары қарсаңында қайта 

бас қосуды ұйғарыпты. Сөйтіп, бір кездегі 

репертуарларын заман талабына сай қай -

та жаздырып, өнер айдынына оралды. 

Сақыпжамал  ұзаҚБаЕва,  Халық-

аралық  педагогика  білімі  акаде мия-

сының акаде мигі, ансамбль мүшесі:

– негізі, біздің сахнаға қайта ора луы-

мызға  мұрындық  болған  Қыздар  педа-

гогикалық университетінің қазіргі ректоры 

Шәмша Көпбайқызы беркімбаева. ол осы 

оқу  орнының  60  жылдығы  қарсаңында 

«бір  кездері  атымызды  әлемге  танытқан 

«айгүл»  қайда  екен?  жастарға  өздерінің 

сахнада тұру мәдениеті, дауыстары жағы-

нан үлгі болсын, соларды табайықшы» деп 

іздепті.  Сол  үшін  Шәмша  Көпбайқызына 

және  әндерімізді  түгел  өңдеп,  жазған 

бағлан омаровтың «арман» продюсерлік 

орталығына, сондай-ақ сазгер Дүйсенхан 

Сыздықовқа алғыс білдіреміз.

Өнерімен өрге озған «айгүл» ансамблі 

«Тек  қана,  қыздар»  деп  аталатын  бей-

нетаспаларын  да  шығарып  үлгеріпті. 

осында  топтастырылған  60-70  жылдар-

дағы қазақтың ретро әндері бүгінгі кеште 

шырқалмақ.

Мәриям жаГОрҚызы

«айгүл» кешіне 

шақырады

заманында Қыздар 

педагогикалық институты туралы сөз 

еткенде алдымен ауызға «айгүл» 

ансамблі ілінетін немесе керісінше 

«айгүл» десе осы бір оқу орны еске 

түсетін. Кейіннен Қыздар институты 

былай тұрсын, Қазақстанның атынан 

әлем елдеріне гастрольдік сапарларға 

шыға бастаған «айгүл» ансамблінің 

құрылғанына биыл 40 жыл толыпты. 

Осыған орай, Елордамыз астанадан 

бастап еліміздің біраз қалаларын 

аралауға кіріскен қыз-келіншектер 

тобының бүгін сағат 19.00-де 

алматыдағы республика сарайында 

«Тек қана қыздар» деп аталатын 

концерті өтпек. 

СаХна


аталған  басылым  тек  қана  мәдениет 

саласын  қамтымай,  қоғамдағы  өзге  де 

ауқымды мәселелерді қаузап келеді. 

журналдың бұл санынан Ш.Қалдаяқов 

жөніндегі  деректер  мен  мәліметтерді 

молынан табуға болады. ақын Қ.Мырза-

Әлінің «бұрымың Мыңбұлақта туған ару», 

М.Ешмұханбетовтің  «Шәмшінің  моторы» 

деген  естеліктері  сазгер  өмірінен  сыр 

шертеді.. 

оқырмандар  сонымен  бірге  ақын 

Маралтай  Райымбекұлының  топтама 

өлең дерін,  С.закерұлының  новелласын 

оқи алады. «ғылым көкжиегі» айдарымен 

берілген  ғалым-философ  ж.алтаевтың 

«Музыканың үлкен кітабы» деген зерттеуі, 

жазушы Қ.біләлдің «алла әміріндегі әлем» 

тақырыбымен  жарияланған  мақаласы 

зерделі  оқырманға  арналған.  Сондай-ақ 

басылымның  осы  санынан  белгілі  өнер 

сыншысы  Ә.Сығайдың  әнші  С.Қалымов 

жайындағы  ой-толғауын,  Е.жеңісұлының 

«азиада – 2011» турасындағы «бұл дода 

бізге  не  береді?»  және  Г.бектасованың 

«жан  аға»  әні  осылай  жазылған»  атты 

мақалаларымен танысуға болады.



Оқысаңыз 

«Шәмшіні»...

Еліміздің ақпарат кеңістігінде 

аз уақыт ішінде өз оқырманын 

тауып үлгерген ұлттық-мәдени 

және ғылыми-танымдық 

«Шәмші» журналы төртінші 

санын жарыққа шығарды.

ЮнЕСКо – (UNESCO – Unit-

ed  Nations  Educational,  Scien-

tific  and  Cultural  Organization) 

біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

ғылым-білім  және  мәдениет 

бойынша  мәселелерімен  айна-

лысатын 


саласы 

(ұйымы). 

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада 

құрылған.  бас  штаб-пәтері  Парижде 

орналасқан.  Қазір  құрамында  162  мем-

лекет  мүшелік  етеді.  Ең 

басты  мақсаты  –  ешкімді 

ұлтқа,  ділі  мен  дініне 

бөлмей,  ғылым-білім  мен 

мәдениет  сала сында  ортақ 

келісіммен бейбітшілік жә-

не қауіпсіздікті орнату. 

ал ЮнЕСКо-дағы қазақ 

елінің Тұрақты өкілі – Қазақстанның жазу-

шысы олжас Сүлейменов.

ЮнЕСКо деген қандай ұйым?



Соңғы кездері тұлғаларымыздың немесе еліміздегі ежелгі қалалардың 

мерейтойлары «ЮнЕСКО көлемінде тойланды» дегенді жиі естіп жүрмін. Бірақ 

сол ЮнЕСКО-ның қандай ұйым, немен айналысатынын білмейді екенмін. Сол 

туралы мағлұмат берсеңіздер екен. 

Торғын жаппарқызы, Арал қаласы

– Мағжан зерттелмей жүрген жоқ, 

бірақ  біздің  көп  зерттеушілер  оны 

бір  қырынан  ғана,  яғни  лирик  ақын 

ретінде  ғана  көрсеткісі  келеді.  ал 

тереңдеп келсеңіз, Мағжан ешқандай 

да  лирик  емес,  ол  –  нағыз  күрескер 

жалпы саны:

45 млн (Отанында 

тек 9 миллионы 

ғана тұрады)

Әкімшілік аумағы: Әзірбайжан 

республикасы 

(86,6 мың шаршы 

шақырым) және 

Солтүстік-батыс 

Иран

астанасы:

Баку

ұлттық валютасы:

манат

Тілі:

әзірбайжан тілі

діні:

басым бөлігі 

ислам-шейіт, 

сунниттері де бар

ата кәсібі:

диханшылық, 

бағбандық, 

қолөнер, 

аспаздық

антропологиялық 

пішіні: 

европеойд

Туыстас халқы:

түріктер, 

түрікмендер

Әзірбайжан  Республикасы  1991 

жылы  құрылды.  заң  шығарушы  органы 

–  Міллі  мәжіліс.  Әзірбайжан  тілі 

түркі  тілдерінің  оғыз  тобына  жатады. 

Әзірбайжандардың арғы ата тегі – Кавказ 

албандары  деп  есептеледі.  Тарихы  өте 

бай,  саны  жағынан  да  жақсы  дамыған 

ел. Әлемнің 90-нан астам мемлекетінде 

этникалық  топтары  өмір  сүріп  жатыр. 

оның  ішінде  25  миллионы  Иранда 

тұрады! 


Ф у з у л и 

М ұ х а м м е д 

Сүлейман  оғлы 

(1494-1556), 

Ирак тың  Кер бе-

ла қаласында ту-

ған  әзір бай жан 

ақы ны.  ғазал да-

рын әзір  байжан, 

пар   сы,  арап  тіл-

дерінде  жазған. 

Өмірінің 

көбін 

бағдатта  өткізіп, 



ағартушылықпен 

айна лысқан.  Шығармаларының  толық 

жи нағы  1958-61  жылдары  бакуде 

басылып шықты.

бір  қызығы  Әзірбайжанда  Қа з ақ 

қала сы, Қа зақ ау да ны де ген жер  лер бар. 

Қа зақ стан да  жүз  мың дай  әзір  байжан 

болса, ер те рек те сол түстік Кас пийден кө-

шіп бар  ған қазақтар Әз ір байжан Рес  пуб-

ликасында да ау қатты өмір сүріп жа тыр. 

осыдан  келіп  әзірбайжан  тілінің  қазақ 

диалектісі  пайда  болған.  Ең  сапалы, 

әшекейлі  де  қымбат  бағалы  кілемдерін 

«қазақ  кілемі»  деп  атауы  олардың 

қазақты ерекше құрметтейтіндігінің бел-

гісі болса керек.



Әзірбайжан арулары

н

ұрғис



а 

ЕЛЕУ


бЕК

ов


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№63 (63) 



28.04.2009 жыл, сейсенбі

www.alashainasy.kz

6

?



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

дат!


алаш-ақпарат

Асылы ОсмАн, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі,

филология ғылымының кандидаты: 

Әйел теңдігін биік ұстаған, 

әйелді ұлықтаған, 

аялап алақанына салған 

қазақтай ұлт болған емес 

және болмайды да

–  


«Гендерлік саясат» деген бізге 

қайдан  келді?  сонда  бізде  осы 

уақытқа  дейін  әйел  теңдігі  бол­

маған ба? сіздің әйел ретінде осы 

саясатқа көз қара сыңыз қандай? 

–  Батыстан  құлағы  көрінген  нәрсенің 

бәрін зерделемей, ұлттық болмысымызға, 

ұлттық  менталитетімізге,  ұлттық  мүдде-

мізге сай ма – оның анық-қанығына бар-

май, көшіріп ала береміз. Біз қай нәрсені 

алсақ та, ең басты мақсатымыз қоғамдық, 

ұлттық  мүдде  болуы  керек.  Батыстан 

келгеннің  бәрі  бақ  болмайды.  Гендерлік 

саясат  бұл  әйел  теңдігі  емес,  аты  айтып 

тұрғандай,  бұл  –  саясат.  ал  кез  келген 

саясаттың  артында  қандай  да  бір  мүдде 

болатыны анық. Бұл – өзінің билік құмар-

лығын саясаттың көлеңкесіне жа сыр ғысы 

келетін  әйелдердің  саясаты.  Өкінішке 

қарай,  кейбір  әйелдеріміз  бұл  саясаттың 

төркінін түсінбей жүр. Олардың түсінігінде 

гендерлік  саясат  –  билікке,  саясатқа 

араласу. Гендерлік саясаттың қа зақ әйел-

деріне,  ұлтқа  берері  жоқ.  Әйел  теңдігін 

биік  ұстаған,  әйелді  ұлықтаған,  аялап 

алақанына  салған  қазақтай  ұлт  болған 

емес және болмайды да.  қазақ – қызға 

төрден орын берген халық. Жан-тәнімен, 

бүкіл  болмысымен,  рухымен,  тілімен 

қазақ,  ұлттың  салт-дәстүрін,  тари хын 

білетін, ұлттық тәрбие алған қазақ әйеліне 

мұндай саясаттың қажеті жоқ. Бұл саясатты 

қолдап жүргендер – ұлтын сыйламайтын 

орыстанғандар. Ең бірінші, әйел  отбасын-

да саясаткер болуы керек.  

–  «Әйелдің  отбасындағы  саясат­

керлігі»  дегенде,  нені  жіктеп  айтар 

едіңіз?  сонда қазақ әйелдері мемле­

кет тік  саясатқа,  билікке  араласпауы 

керек пе?

– Жүгірген аң да, ұшқан құс та тіршілік 

үшін  күреседі.  адам  баласы  да  солай. 

Әйел  басты  міндеті  –  бала  тәрбиесінен 

артылып  жатса,  саясатпен  де,  ғылыммен 

де  айналыссын,  билікке  де  аралассын. 

Бірақ оның бала тәрбиесін екінші кезекке 

қою ына қарсымын. Әйелдің отбасындағы 

саясаткерлігінің рөлі шексіз. Саясат – бұл  

тетік. ал әйел отбасылық саясаттың тетігін 

дұрыс басқаруы керек. «Еркекті ер қыла-

тын да, ез қылатын да – әйел» деп қазақ 

текке айтпаған. Әр кезде де хан да, қара 

да  әйелімен  кеңескен.  қазақ  әйелі  сырт 

көзбен  қарап,  азаматының  кемшілігін 

байып пен  айтып  жеткізе  білген.  Балаға 

әкесінің  әрбір  игі  ісін  дәріптеп,  «әкеңе 

айтамын»  деген бір ауыз сөзбен баланы 

тәртіпке  шақырып,  әкенің  бала  тәрбие-

сіндегі, отбасындағы орнын биікке көтер-

ген.  ал  бүгінгі  әйелдер  аза матының 

кемшілігін  жаймен  айтып  жеткізбейді, 

оның  бетіне  басады.  «Бұл  –  азаматын 

сыйламау,  отбасындағы  саяси  сауат сыз-

дық»  дер  едім.  Егер  де  қазақ  әйелдері 

отбасындағы  саясатты  дұрыс  жүргізсе, 

жетім балалар да, үйлене сала ажырасу да 

болмас  еді.  Әйелдің  міндеті  тірлік  қуу, 

билік  қуу  емес,  әйелдің  міндеті  –  бала 

тәрбиелеу. ананың дұрыс тәрбиесін алған 

қыз  ар-намысын  аяққа  таптап,  өмірге 

некесіз  сәби  әкелмейді.  Кейбір  аналар 

жаңа  үйленген  отбасының  ажы расуына 

себепкер болып жататыны – ащы шындық. 

Жастарды  сабырға  шақырудың  орнына 

«менің  қызымдікі  дұрыс,  менің  ұлымдікі 

дұрыс»  деп  ортаға  от  салады.  Отбасын-

дағы  саясаткерлігі  мықты  аналар  өзгенің  

кемшілігін іздемей, өз перзентінің кемші-

лігін  айтып түсіндіріп, ақылға ша қырады. 

құда-құдағимен  жаулас пай ды,  елдеседі. 

туған-туыстың ортасына дәнекер болатын 

да  –  әйел.  «Сенің  туысың  ондай,  менің 

туысым мұндай» деп туысқанның ортасы-

на жік салатын әйелдер аз емес. Отбасын-

дағы мұндай саясатты көріп өскен қыз да, 

келін де ертеңгі күні өз отбасында осындай 

саясатты  жалғастыруы  әбден  мүмкін. 

Сондықтан  әрбір  қазақ  әйелі  мінез-құл-

қы мен,  іс-әрекетімен  келешек  ұрпаққа 

үлгі болуы керек.  

–  Қазіргі  кезде  отбасындағы 

бала  тәрбиесі  ақсап  тұр,  мұның 

себебі  неде  деп  ойлайсыз?  Ген­

дерлік  саясаттың  бала  тәрбиесіне 

кері ықпалы бар ма? 

– қазақ отбасындағы ұлттық тәрбиенің 

жоғалуы  –  сонау  1860  жылдардан  бас-

тал ған ресейдің орыстандыру саясаты ның 

салдары.  Орыстандыру  саясаты  ұлттық 

болмысымызды  күйретті.  ал  гендерлік 

саясат  –  соның  жаңарған  формадағы 

жал  ғасы.  тәуелсіздік  алғанымызға  17 

жыл дан асса да, ұлт болып ұйымай отыр-

мыз.  Ұлттығымызды  тіктемей,  ұлттық 

тәрбиемізді  тіктей  алмаймыз.  Гендерлік 

саясат бала тәрбиесіне де, демографиялық 

ахуалға  да  тікелей  кері  әсерін  тигізеді. 

қазіргі  кезде  қыздарымыз  «карьера» 

қуып,  тұрмысқа  шықпайды  немесе  тұр-

мыс қа  шыққан  күннің  өзінде  «бала  – 

аяққа  тұсау»  деп  бала  таппайды.  Кейбір 

қыздарымыз  отбасы  құрғысы  келмей, 

құпия жолмен  бала тауып алып, жалғыз-

басты аналардың санын көбейтуде. Әкенің 

қатаң  мінезін  көрмей,  отбасында  жеке 

өскен бала тәрбиесінде олқылықтың орны 

көрініп-ақ  тұрады.  ал  отбасын  құрып, 

бала тапқан кейбір аналар бала тәрбиесін 

бөгде  адамдарға  тапсырып  қойып  отыр. 

Баланы өз анасындай түсініп, сезініп жақ-

сы көретін жан жоқ. Жай ғана қара пайым 

мысал, екі сәби ойнап жүріп құлап қалса, 

бөтен  балаға  жанашырлық  білдіре сіз,  ал 

өз  балаңыз  үшін  жаныңыз  ауырады.  Бұл 

–  табиғат  заңы.  Өйткені  ана  мен  бала  – 

бір  бүтін. Баланы анадан туылғанда кін-

дігін  кесіп  ажыратып  алады,  бірақ  бұл 

ажырасу сол сәтте-ақ ана сүті арқылы қай-

та  жалғасады.  Өкінішке  қарай,  ана  мен 

баланың қайта жалғасуы кейінгі кезде жиі 

үзіліп кетіп жатыр. Осыдан келіп бала мен 

ана арасында мейір болмай барады. 



–  Гендерлік  саясатты  кейбір 

әйел дер  отбасында  «ыдыс­аяқты 

бір күн сен, бір күн мен жууым ке­

рек» деп түсінеді.  Ерлеріне «менің 

табысым  сенің  табысыңнан  көп» 

дегенді алға тартатын әйелдер жоқ 

емес. Осы саясат еркек пен әйелдің  

отбасындағы  кикіл жіңінің  басты 

себебінің  бірі  бо лып  жүрген  жоқ 

па?

–  Әйелдер  тек  ерлеріне  ғана  емес, 

табиғатқа да, жаратушыға да қарсы шы-

ғып жатыр. қатты айтсам, кешірсін. Бірақ 

шындық  –  осы.  шынында  да,  «күйеуім 

ыдыс-аяқты  кезектесіп  жумады»  деп 

ажырасуға арызданып жатқандар да бар. 

«Бала  туылғаннан  кейін  әйелдерге  бері-

летін  декреттік  демалыс  еркектерге  де 

берілсін» деп ұсыныс көтеріп жүргендерді 

көзіміз көріп жүр. Бұған не айтуға болады? 

айналайындар-ау,  ал еркек декреттік де-

ма лыс  алып  отырсын,  ол  қалай  емізеді? 

Мұны  түсіну  үшін  көп  ақылдың  да  керегі 

жоқ қой, осыған ақылы жетпеген әйелден 

не күтуге болады? Өз мүддесін құрсағынан 

шыққан  баласынан  артық  көрген  анадан 

не  үміт,  не  қайыр?    Бүгінде  «еркектер 

декреттік  демалыс  алып  отырсын»  деу-

шілер  ертең  «бір  баланы  әйел  тапса,  бір 

баланы  еркек  тапсын»  деуден  де  тайын-

байды. Ең болмағанда, құдайдан қорық-

сашы.  ал  табысқа  келер  болсақ,  әйелдің 

«күйеуімнен  артық  табамын»  деуі  – 

әйелдің  ақылсыздығы.  ақылды  әйел  ер-

аза маттың  тапқанын  ұқсатып,  отбасын 

ұйытып отырады.

– Әйелдердің гендерлік 

саясатты қолдап құлшынуына 

мемлекеттік сая сат ықпал жасап 

отырған жоқ па? 

–  Саясаттың  бәрі  де  бір-бірімен 

ұштасып жатқан дүние ғой. Әрине, мем-

лекеттік  саясаттың  да  ықпалы  бар.  Бірақ 

Үкімет  әйелдерге  «отбасымен,  бала  тәр-

биесі мен  айналыспа,  билікке,  саясатқа 

аралас»  деп  зорлап  отырған  жоқ  қой. 

«ана  мен  баланы  қорғау  туралы»  заңда 

ананың  басты  міндеті  бала  тәрбиесі 

екендігі  анық  жазылып  қойған.  Бала ла -

рың ды кәмелет жасқа жеткізіп, бала тәр-

биесіне алаңдамайтын кезден бастап сая-

сатқа аралассаң да, көштен қал май сың. 

–  Қазіргі  кезде  спирттік  ішімдік 

іше  тін,  темекі  тартатын  қыз­келін­

шек тердің қатары өсіп келеді.  мұның 

себебі неде деп ойлайсыз? 

– қыз-келіншектердің арақ ішіп, темекі 

тартуы – бұл қасірет. Өйткені мұның бәрі 

балаға беріледі, соның салдарынан ұрпақ 

уланады.  Бұл  індет  бұрын  ерлерді,  енді 

қыз-келіншектерді  баурап  алды.  Бұдан 

құтылудың бір жолы – имандылық. Кейінгі 

уақытта байқап жүргенім – ер-азамат тар-

дың қатарында имандылыққа бет бұрып, 

арақ ішуден бой тасалағандардың көбей-

гендігі.  Өкінішке  қарай,  қыз-келіншектер 

Батыстан  ескен  желдің  ығынан  шыға 

алмай жүр. тіпті мешітке шалбармен, кін-

дігі көрініп тұратын ашық-шашық киіммен 

барады.  Бірінің  басында  орамалы  болса, 

бірінің  шашы  желбіреп  мешітке  кіре 

береді. тек мешітке бару имандылық емес. 

Имандылықты  жүрекке  ұялату  керек. 

Кейбір қысқа ойлы қыз-келіншектер «ер-

кектерден қаламыз ба, біздің еркектерден 

қай  жеріміз  кем»  деп,  індетке  ұрынып 

жүр. қанша тыраштанғанмен, еркек бола 

алмайсың.  Әйел  болудың,  ана  болудың 

алла  сыйлаған  бақыт  екенін  қыз-келін-

шектеріміз қашан ұғынар екен?  ақылмен 

ойлаған  адамға «жәннат – ананың таба-

нының астында» деген бір ауыз  сөз ана-

дан  ұлы  жан  жоқ  екендігін    ұқтырмай 

ма?!

– Бүгінгі қыздардың киім 

киісі не, жүріс­тұрысына көңіліңіз 

тола ма?

–  Е,  күрсінбеске  амал  жоқ,  қолдан 

келер шара жоқ. шіркін, бұрынғы өз ор-

нын,  жөн-жосықты  білетін,  қайсарлығы 

шыңдалған  қазақ  қыздары  қандай 

болды! Әріге бармай-ақ, кешегі Ұлы Отан 

соғы сында  екі  бірдей  қазақ  қызының 

Кеңес  Одағының  батыры  атағын  алуы  – 

бұл  қазақ  қыздарының  үлгісі.  Бүгінгі 

қыздар дың  киім  киісіне  де,  жүріс-тұры-

сына да көңілім толмайды. Біреуі кіндігін 

жала ңаштап алса, екіншісі тылтитып қысқа 

юбка  киіп  алады.  Оларға  қарап  отырып, 

«ата-аналары мынадай киім киюіне  неге 

тыйым  салмайды  екен»  деп  ойлаймын. 

шынында  да,  ата-аналар  қайда  қарап 

отыр? Жандарым-ау, ертең бұл қыздардың 

денсаулығы қалай болады? Бүгін тәрбиені 

қолға алмасақ, ертең кеш қаламыз. Бұлай 

киім киюдің, жүріс-тұрыстың дұрыс емес 

екендігін  жастардың  санасына  сіңіруіміз 

керек. Бала қанша дарынды, қанша білім-

ді болғанмен, санасыз болса, ол – қайғы. 

қазақ  «қора тола мал бер, бесік тола бала 

бер,  ол  балаға  сана  бер,  сана  бермесең, 

ала бер» дейді. Көрдіңіз бе, «санасыз бала 

керек  емес»  деп  отыр.  тілегім  –  алла 

жастарымызға сана берсе екен. 



– Бүгінгі Батыстың беріп 

отырған алдыңғы қатарлы техно­

логиясын, сапалы білімін жоққа 

шы ға ра алмаймыз. сіздің 

ойыңызша, батыс тық тәрбие 

қазақ жастарына қажет пе? 

– қазақ жастарына батыстық тәрбиенің 

керегі жоқ. Иә, біз Батыстың үздік, алдың-

ғы қатарлы технологиясын, сапалы білімін 

өз  мүддемізге  пайдалануымыз  керек, 

бірақ тәрбиесінің қажеті жоқ. Керек болса, 

тәрбиені  бізден  үйренсін.  қазір  солай 

болып та жатыр. Ұлттық тәрбиенің қадіріне 

жете  алмай  отырған  –  өзіміз.  Сол  Баты-

сыңыз да, америкаңыз да қазақтың тегін 

зерттеп  жатыр.  Бұл  тектен-тек  емес. 

ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап 

перзентханада босанған әйелдің баласын 

үш  күнге  дейін  бауырына  бермейтін.  Бұл 

ана  мен  баланың  арасындағы  табиғи 

байланысты үзді. Бүгінгі күні америкалық 

ғалым дар  «бала  туылысымен  ананың 

уызымен ауыздануы керек» деп «жаңалық 

ашыпты».  Бұл  ешқандай  да  жаңалық 

емес,  мұны  олар  қазақтан  біліп,  үйреніп 

жүр. қазақ  қазақ болғалы бері жаңа туған 

ба ланы анасының бауырына салып, ана-

ның  уызымен  ауыздандырған.  қазақ тың 

әлсіз баланы «туғанда уызға жары маған» 

деуі  де  осыдан  қалған.  Біз  өзіміздің 

жақсы лығымызды  уағыздамай,  өзгенің 

былығын уағыздаймыз. «Үстіңе екі шелек 

суық  су  құй»  дегенше,  қымыздың,  шұ-

баттың  қа сиетін  неге  уағыздамаймыз? 

қолда  бар дың  қадіріне  жете  алмай 

отырғанымыз өкінішті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет