ҚАЗАҚ ТІЛІ 4-сынып
оқу жүктемесі аптасына 4 сағаттан, барлығы 144 сағатты құрайды.
"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 12-қосымша Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытылады (2022-2023 оқу жылының 1-тоқсаны).
2022-2023 оқу жылының 2-тоқсанынан бастап Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығының 12-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарына арналған "ҚАЗАҚ ТІЛІ" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытылады.
«Қазақ тілі» Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас «Атамұра» 2019ж.
Түсінік хат
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірдеқолдану.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).
Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі келесі кестеде көрсетілген.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі:
Жазба жұмыстарының түрлері
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Сөздік диктант
|
5-7 сөз
|
9-12 сөз
|
12-15 сөз
|
Диктант
|
25-30 сөз
|
35-50 сөз
|
55-70 сөз
|
Көшіру
|
25-30 сөз
|
35-50 сөз
|
55-70 сөз
|
Мазмұндама
|
40-60 сөз
|
60-80 сөз
|
80-100 сөз
|
Шығарма
|
25-35 сөз
|
35-55 сөз
|
65-70 сөз
|
Ұсынылған жазба жұмыстарының түрлерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстары ретінде жүргізуге болады. Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сыныптар
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
Тжб
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
Әр т
|
4-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
1
|
*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
Достарыңызбен бөлісу: |