Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс


-тапсырма. Сюжетті тыңдаңыз, мағынасын түсініңіз. 1. «Баяндама» əдісі бойынша



Pdf көрінісі
бет15/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
4-тапсырма. Сюжетті тыңдаңыз, мағынасын түсініңіз.
1. «Баяндама» əдісі бойынша
Тыңдалымнан соң оның мазмұнын сурет, сызба түрінде
беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» студент оң жағындағы
көршісіне береді. Енді əрқайсысы өз көршісінің суреттерін
не сызбаларын қолдана отырып, осы тыңдалым бойынша
баяндайды.
2. «Жетістік баспалдағы»
«Жетістік баспалдағы» əдісі студенттің қандай білім
баспалдағында тұрғандарын анықтайды. Баспалдақ тақтаға
ілінеді (ватманда, қағаз парағында), əр студент өзі
орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен
өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай
баға қойғандарын түсіндіреді.
Өте жақсы түсіндім
Жақсы түсіндім
Түсіндім
Аздап түсіндім
Түсінбедім
2-ТАҚЫРЫП. ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК.
Грамматика: 
ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі
Назар аударыңыз!
ауыспалы келер шақтың болымсыз түрінің жасалу
жолдары: етістік +болымсыз етістіктің жұрнақтары
+а/е/й +жіктік жалғауы
1 Мен етістік +ма/ме, ба/бе, па/пе +а/
е/й +жіктік жалғауы -мын, -мін

бар+ма+й+мын,
кел+ме+й+мін,
ойна+ма+й+мын
2 Сен етістік+ма/ме, ба/бе, па/пе +а/
е/й +жіктік жалғауы -сың, -сің

бар+ма+й+сың,
кел+ме+й+сің,
ойна+ма+й+сың
Сіз етістік+ма/ме, ба/бе, па/пе +а/
е/й +жіктік жалғауы -сыз,-сіз

бар+ма+й+сыз,
кел+ме+й+сіз,
ойна+ма+й+сыз,
3 Ол етістік +ма/ме, ба/бе, па/пе +а/
е/й +жіктік жалғауы -ды,-ді

бар+ма+й+ды,
кел+ме+й+ді,
ойна+ма+й+ды
ОҚЫЛЫМ. Негізгі, қосымша ақпаратты табу.
1-тапсырма.
Туған жерім - Қазақстан.
Адам баласына туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан
гнк
Атамекен – туған халқының, ұлтының мекен еткен,
ата-бабасының қоныс тепкен жері.
Туған жер – əр адамның дүние есігін ашып, өмірге
келген жері. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен
тығыз байланыста болады. Əр адам өз туған жерін мақтан
етеді, қадір тұтады.
Туған жердің қадірін үйінен ұзаққа кеткен адам ғана
түсінеді. Əр адам өз туған жерін құрметтеуі жəне сүюі
керек.Туған ел, жер туралы ақын-жазушылар ұлы
шығармалар, əн- жыр жазған. Елін, жерін сүйетін адам өз
еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді.
Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің барлық
мүддесіне, игілігіне жұмсайды.


Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі
мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ соның ішінде
Қазақстан ерекше орын алады. Біздің Қазақстан - көп
ұлтты мемлекет. Қазақстан-қазақ халқының мекені.
Қазақстан даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы
қазыналы, халқы қонақжайлы. Мен өз туған жерімді, өскен
жерімді, Қазақстанымды мақтан тұтамын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет