Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет18/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
4-ТАҚЫРЫП. МЕНІҢ АУЫЛЫМ
Грамматика: ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі
АЙТЫЛЫМ. Ауылды, қаланы суреттеу, айырмашылығын
анықтау.
1-тапсырма.
«Салыстыра отыра баяндау» əдісімен:
- Мен ауылда тұрамын. Ауылым өзен жағасында
орналасқан. 
Жаз 
айында 
өзенге 
шомылып, 
күнге
қыздырынамын. Біздің ауылымызда мал бағады, егін егеді,
жеміс-жидек өсіреді. Оның өнімдерін қалаға жеткізеді…
- Мен қалада туып өстім. Мұнда əдемі биік үйлер, кең де
көрікті көшелер бар. Қалада оқу орындары, театрлар мен
мұражайлар жұмыс істейді. Сондай-ақ қаламызда ірі сауда
үйлері мен саябақтар көп. Сүтті дүкеннен сатып аламыз…
Назар аударыңыз!
ауыспалы келер шақтың болымсыз түрінің жасалу жолдары:
етістік +болымсыз етістіктің жұрнақтары +а/е/й +жіктік
жалғауы
1 Мен
етістік +ма/ме, ба/бе, па/пе +а/е/й
+жіктік жалғауы -мын, -мін
бар+ма+й+мын,
кел+ме+й+мін,
ойна+ма+й+мын
2 Сен
етістік+ма/ме, ба/бе, па/пе +а/е/й
+жіктік жалғауы -сың, -сің
бар+ма+й+сың,
кел+ме+й+сің,
ойна+ма+й+сың
Сіз
етістік+ма/ме, ба/бе, па/пе +а/е/й
+жіктік жалғауы -сыз,-сіз
бар+ма+й+сыз,
кел+ме+й+сіз,
ойна+ма+й+сыз,
3 Ол
етістік +ма/ме, ба/бе, па/пе +а/е/й
+жіктік жалғауы -ды,-ді
бар+ма+й+ды,
кел+ме+й+ді,
ойна+ма+й+ды
ОҚЫЛЫМ. Негізгі, қосымша ақпаратты табу.
2-тапсырма.
Менің ауылым
Мен ауылым Нұркен Əбдіров батырдың атымен аталады.
Ауылымыз 
Қарқаралы 
ауданының 
оңтүстік-батысында
орналасқан. Менің атам мен əжем, əкем мен шешем осы ауылда
туып, өскен. Қазір мен қалада тұрамын. Бірақ демалыс сайын
ауылға барып келемін.
Атам маған ауылымның қалыптасу тарихы жөнінде үнемі
əңгімесін айтып береді. Ауылымыздан қаншама ғалым, ақын-
жазушылар, атақты адамдар шыққан.
Ауылымыздың табиғаты ерекше. Кішкентай кезімнен
ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен,
ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Ауылдың дəл
ортасынан Жарлы өзені ағып жатыр. Ауылдың шет жақтарында
қайың, қөктерек өседі. Жазғы демалыста балалармен суға
шомылып, ата - анамызбен жидек теруге барамыз, табиғатқа
саяхатқа шығамыз.
Ауылымызда мəдениет үйі, кітапхана, ауыл амбулаториясы
жұмыс жасап тұр. Орталықта мешіт орналасқан.
Елбасымыз «Ауыл – ұлттың ұйытқысы, алтын бесігі», - деп
айтқан. Мемлекетіміздің тірегі, іргетасы ауылда деп білемін.
Сондықтан болашақта мен өз ауылымның дамып, көркеюіне
үлесімді қосқым келеді. Ауылымды өте жақсы көремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет