Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс


ЖАЗЫЛЫМ Суреттеу жазылым жұмысы. 2-тапсырма



Pdf көрінісі
бет16/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83
ЖАЗЫЛЫМ
Суреттеу жазылым жұмысы.
2-тапсырма.
1. ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ:
атамекен, атажұрт, ұғым, мекен,
қоныс, болашақ, мақтану, адал, жарқын, мүдде, игілік, алуан
түрлі, көп ұлтты, дала, топырақ, қойнауы, қазына, қонақжай,
дархан, қасиетті, жер, сүю, мемлекет.
2. Өзіңіздің туған жеріңізді суреттеп жазыңыз.
ТЫҢДАЛЫМ.
3-тапсырма. Ақпараттың шынайылығын анықтау.
Тыңдалымнан соң топтық жұмыстарды орындаңыздар.
АЙТЫЛЫМ.
4-тапсырма. Топық жұмыс постер арқылы:
1 топ – «Туған жердің табиғаты»
2 топ – «Туған жердің байлығы»
3 топ – «Туған жерді қорғау»
3-ТАҚЫРЫП. МЕНІҢ ҚАЛАМ.
Грамматика: 
ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі
Назар аударыңыз!
ауыспалы келер шақтың болымсыз түрінің жасалу
жолдары: етістік +болымсыз етістіктің жұрнақтары
+а/е/й +жіктік жалғауы
1 Мен етістік +ма/ме, ба/бе, па/пе
+а/е/й +жіктік жалғауы
-мын, -мін
бар+ма+й+мын,
кел+ме+й+мін,
ойна+ма+й+мын
2 Сен етістік+ма/ме, ба/бе, па/пе
+а/е/й +жіктік жалғауы
-сың, -сің
бар+ма+й+сың,
кел+ме+й+сің,
ойна+ма+й+сың
Сіз етістік+ма/ме, ба/бе, па/пе
+а/е/й +жіктік жалғауы
-сыз,-сіз
бар+ма+й+сыз,
кел+ме+й+сіз,
ойна+ма+й+сыз,
3 Ол етістік +ма/ме, ба/бе, па/пе
+а/е/й +жіктік жалғауы
-ды,-ді
бар+ма+й+ды,
кел+ме+й+ді,
ойна+ма+й+ды
АЙТЫЛЫМ.
1-тапсырма .
ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ:
облыс орталығы, қала, аудан, кент,
кеңшар, ауыл, кішкентай, шағын, жаңарған, ірі, өндіріс
орталығы, өнеркəсіп орындары, мəдениет орталығы, жоғары оқу
орындары, көрікті орындар, мұражай, туған жер.
2. «Қалада» сұқбат құрыңыздар. Келесі репликаларды
пайдаланыңыздар:
o Мен қаланы мүлдем білмеймін.
o Маған сіздің қалаңыз өте қатты ұнады.
o Қаланың бас (орталық) көшесі қалай аталады?
o Айтып жіберіңізші, келесі көше қалай аталады?
o Бұл арадан алыс па?
o Орталық əмбебапқа қалай баруға болады?
o «Боулингке» тезірек қалай жетуге болады?
o Көшені қай жерден өтуге болады?
o Өтетін жер қай тұста?
o Тіке жүре беріңіз, содан соң оңға (солға) бұрылыңыз.
o Кейін қарай жүресіз.


o Кешіріңіз, Гапеев көшесі қай жерде?
o Оң жағыңыздағы бірінші көше.
o Қазір оңға бұрыласыз.
o Сіз теріс кетіп барасыз. Кері қайтуыңыз керек.
o Маңайда асхана бар ма?
o 204 үй қай жақта орналасқан?
o Көшенің сол жақ (оң жақ) бұрышында.
o «Аян» сауда үйі қай жақта орналасқан?
o Осы жерден алыс па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет