Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


қадам Мыналармен байланыс орнатыңыз: Өзіңіз білетін басқа заттармен; Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен; Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен. қадам



бет9/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

қадам


Мыналармен байланыс орнатыңыз: Өзіңіз білетін басқа заттармен;
Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен; Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен.
  1. қадам


Өзіңізден сұраңыз: Не жақсы шықты?
Не қиындық тудырды? Нені жақсартуға болады?


«МАҢЫЗДЫЛЫҚ АЙМАҒЫ»


Оқушылар мәтінмен танысып болған соң, оның ішіндегі негізгі идеяларды бөліп алып, шеңбердің ішіне маңыздылық жағынан орналастыруы керек. Маңыздылығы жоғары идея ортаңғы шеңбердің ішіне жазылады, шындыққа жанаспаса, маңыздылығы төмен болса, сыртқы шеңберлерге жазылады.


«ГАУҺАРТАС НЕМЕСЕ ТОҒЫЗ ҚЫРЛЫ АЛМАЗ»


Бұл тәсіл де жоғарыда келтірілген маңыздылық аймағы тәсіліне ұқсайды. Оқушылар мәтінмен танысып болған соң, оның ішіндегі идеяларды маңыздылығына қарай гауһартастың бөліктеріне орналастырады. Маңыздылығы жоғары ұғымдар мен идеялар гауһартастың жоғары бөлігіне орналастырылады. Аса маңызды еместері төменгі бөліктерге орналастырылады.




«ОҚИҒА КАРТАСЫ»


Бұл тәсілді сюжеттік желісі бар мәтінмен жұмыс жасаған кезде пайдаланған тиімді. Оқушылар мәтін мазмұнымен танысып болған соң, сюжеттік желіге сәйкес негізгі оқиғалардың суретін салып, олардың қасына мәтінді мазмұндауға көмектесетін тірек сөздер мен сөз тіркестерін


жазып қояды. Оқиға картасы оқушыларға мәтін бойынша ойын жүйелеп, жоспарлауға негіз бола алады, картаға сүйене отырып, оқушылар мәтін мазмұнын ашады.


«БӨЛІСКІМ КЕЛЕДІ»


Жүзеге асыру қадамдары:



    • Пікір алысу (диалог) топқа жүргізіледі.

    • Топ мүшелері мағынасы түрлі мәтінді оқиды.

    • Қатысушылар саны, көп дегенде, 4–6 адам.

    • Әр топ өкілі өз оқығандарын кезектесіп басқаларына баяндайды.

    • Бір-бірін мұқият тыңдайды, түсіну үшін сұрақ қояды. («Мен сені дұрыс түсіндім бе?..., «Егер мен дұрыс түсінсем,...», «Бұл солай ма?» ...)

    • Осыдан соң әр топ мүшесі кестені толтырып мұғалімге тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет