Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет247/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Назар аударайық!» айдарымен берілген материал негізінде мұғалім оқушыларға болжалдық сан есімді меңгертеді. Санның мөлшерін болжап айтуға мұрындық болатын сөздер мен қосымшалар туралы түсіндіріп, қолдануға үйретеді. Жаңа білімді сурттермен де бекітуге болады. Мысалы, жүк көлігі немесе қоршалған аула суретін көрсетіп, оның ішіне қанша киік сыятынын сұрауға болады. Болмаса қолда бар дүниелерді түрлі ыдыстарға салып, ішінде шамамен қанша мүйіз, қалам, сырға т.б. бар деп сұрақ қою да тиімді әдіс бола алады.

5 мин










«Ойнайық» айдары оқушылардың алған грамматикалық білімдерін ауызша пысықтауға арналады. Грамматикалық білімге қоса лексикалық білім де қайталанып, оқушылардың қолданыс құралдарына айналады. Тапсырманы тереңдету немесе жеңілдету мақсатымен дәл осындай басқышты тақтаға салып, ойынды жалғастыру жұмысы да артық болмайды.

5-7










Оқулықтың «Сен білесің бе?» айдары оқушының міндетті түрде игеруі қажет мағлұмат болып табылмайды. Оқушының жалпы білімін кеңейту мақсатымен қосымша ұсынылған ақпарат.

10 мин







Қорытынды бөлім

Сабақтың қорытынды бөлімінде де мұғалім Сәкен өлеңінен үзінді оқып, оқушыларды ой қорытуға шақыруына болады.
Кей қазақ әдет қылған киік атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып. Сандалған бір киікке үшырастым,
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып. Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып. Ақбөкен – сахараның бота көзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып?
Өлең мазмұнын оқушылар оңай түсінуі үшін мұғалім кейбір сөздерді түсінуге жеңіл болатын нұсқасына ауыстырып оқуына болады. Мысалы,
«сандалып» сөзінің орнына «адасып» немесе «Бетпақ шөлде» демей «шөл далада», «анда-санда әлін жинап» сөзінің орнына «кей уақытта күшін жинап». Өлең мазмұнын толық меңгерту міндеті алға қойылмайды, бұл өлең арқылы оқушыларды мұғалім қорытынды жасауға жетелейді.

2 мин

Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет