Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет249/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Ұсыныс білдіремін. (3-тоқсан, 6-тарау). 88-сабақ

Дағды

Жазылым

Оқыту мақсаттары

4.4.2.1 *Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум

Ұсыныс, пікір, тыйым салу, ату, соғу

Алдыңғы білім

Сұлулықты сақтайық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын тақтаға аударады. Онда пазл түрінде жабылған жануар суреті болады. Оқушылар өздерінің қалауы бойынша сандарды нұсқап, сол сан тұрған тұсты аштырады. Сол ашық тұстардан көрген сурет бөлігіне қарап қандай жануар жасырылғанын табады. Одан әрі өткен сабақтан алған білімдерін қолданып, ол жануар туралы оқушылар білгендерін ортаға салады.

5 мин

Мұғалім-сынып




Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы. Мұғалім оқушылардан оқулықтың алғашқы тапсырмасына зер сала қарауларын сұрайды. Ондағы суретті түсінгендері бойынша іштей қорытып, оқушылар жануардың қауіпті не қауіпсіз жерде тұрғандығын айтып береді. Осы орайда «қауіпті» және
«қауіпсіз» сөздерінің мазмұнын ұғынумен қатар, оқушылар сөздердің болымсыз мағынаға ауысуына себепкер болатын жұрнақпен де танысады.

5 мин

Топпен




Оқулықтағы келесі тақырып «Ойланайық» айдарымен беріледі. Оқушыларға оқулықтағы проблемалық сұрақ төңірегінде ойланып жауап беру керектігі айтылады. Сауалдың жауабын оқушылар суреттен табатынын мұғалім ескертуіне болады.

2 мин

Мұғалім - сынып




Келесі тапсырма оқулықта «Тыңдайық» айдарымен ұсынылады. Бұл тапсырма негізінде тыңдауға берілген материалдан оқушылар өз жауаптарының қаншалықты дұрыс болғанын бағамдай алады.
Тыңдалым мәтіні:
Мәтінді тыңдап, жүргізіп оқы.
Қыз:
Қазақстанда киіктердің саны азайып бара жатыр. Оның бірнеше себебі бар. Бірінші себебі – броконьерлер киіктерді жиі атады. Оның мүйізін сатады. Менің ойымша, киіктерді атуға тыйым салу керек.
Ұл:
Қазіргі кезде киіктер арасында жұқпалы аурулар көп. Ауру киіктерді ұстайтын қасқырлар саны аз. Кейде киіктерді жолдағы көліктер соғады. Менің ойымша, киіктер жүретін аймаққа қоршау тұрғызу керек.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар Аудиодиск




Мұғалім оқушыларға келесі «Тыңдайық және жауап берейік» тапсырмасын орындату арқылы тыңдалымды қаншалықты дұрыс түсінгенін дәлелдеп береді. Сөйлемдерді оқып, «дұрыс» немесе «бұрыс» екендіктерін ажыратады. Талас туған жағдайда тыңдалым қайта қосылып нақтыланады.

2 мин










Келесі «Есте сақтайық» айдары оқушыларды жазылымға дайындайды. Ол үшін мұғалім нақты ұсынылған грамматикалық құрылым туралы тереңірек түсінік береді. Тұйық етістік пен «қажет» немесе «керек» сөздерінің қолданылу үлгілері мысалмен ұғындырылады.

3 мин










Әдеттегідей грамматикалық білім келесі тапсырмада жаттығумен бекітіледі. Оқушылар дайын үлгілерді оқып, жаттығумен қатар, өз тарапынан да сөйлем құрап, мысал келтіреді. «Жаттығайық» айдары да оқушыларды нәтиже көрсету үшін жазатын жазылымына дайындайды. Ескеретін жайт, дәл қазір реттік сан есім туралы айтылмайды, оған грамматикалық категория тұрғысынан да ден қойылмай, тек қолданыстық формада жеңіл әрі түсінікті жолмен оқушылардың санасына сіңіріледі.

10 мин










«Жазайық» айдары бойынша оқушы үлгі шаблонды қолданып, өз ұсыныстарын жазып береді. Оқушылар жазылым жұмыстарын аяқтағаннан кейін өзін-өзі тексеру, бірін-бірі тексеру шаралары ұйымдастырылады. Одан кейін өңдеу, түзету, көшіру жұмыстары оздырылады.

7 мин







Қор. бөлім

Сабақ соңында әдеттегідей тақырып лексико-грамматикалық тұрғыда қайталанып, қорытылады. Одан әрі оқушылар мен ұстаз арасында ең оңай немесе ең қиын болған тапсырмалар төңірегінде талқылау, пікір алмасу өтеді.

3 мин

Сынып- мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет