«Оқиық және жауап берейік» айдары оқылымның оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталады. Алдымен оқушыларға 2 минут шолып оқуға мүмкіндік беріледі. Кейін мұғалім оқушылардың мәтіннен не түсінгендерін сұрайды. Ендігісі Бақыттың ұсынған сұрақтарын табуға бағыттап, мұғалім оқушылардың екінші мәрте сүзіп оқып шығуларын өтінеді. Немесе Бақыттың сұрақтарының бірін оқып, соған бірден мәтіннен жауап табу түрін пайдалануға болады.
Оқылым тапсырмасын орындау барысында мұғалім қосымша түсіндірме жұмысын да қатар алуына болады. Оқитын мәтіннің ішінде кездесетін салмақ, қап, түйісу сынды т.б. сөздерді көпшілік оқушылар түсінбей жатса, мұғалім кіртас немесе екі ойыншық мәшине, қаптарды сабаққа әкеліп отырып түсіндіру жұмысын жүргізе алады.
«Жаттығайық» айдары бойынша оқушылардың үйренген жаңа сөздерін санада тұрақтандыру көзделеді. Суреттерге қарама-қарсы мәндес сөздерді әртүрлі тапсырмалармен беріп сәйкестендіреді. Тапсырманың дұрыс жауабы мынадай: