«Ойланайық» айдарының тапсырмасы. Сыныптың сабаққа деген ынтасын арттырып, оңтайлы ахуал орнатқаннан кейін, мұғалім оқушыларға оқулық бетін хабарлап, алғашқы тапсырманы орындауға шақырады. Тапсырманың шарты бойынша балалар сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді. Тапсырма оқушылар үшін аса жеңіл болғанымен одан әрі тапсырманы күрделендіре түсіп, сөйлем құрату арқылы сөздерді орынды қолдана білуге баса назар аударады. Мұндай тапсырмалардың арқасында оқушылар үйренген сөздерін үнемі санада жаңғыртып отырады. Оған қоса осы тапсырма негізінде оқушыларға осы сабақта меңгертілуге тиіс жаңа сөздерді таныту жоспарланған. Осылайша тыңдалатын мәтінді оқушылар еш қиындықсыз қабылдап,
тілді үйренуге деген ниеттері кемімейтін болады.
5 мин
Топтық жұмыс
Негізгі бөлім
Сабақтың келесі кезеңінде оқушыларға тыңдалым мәтіні қосылып,
«Тыңдайық» айдарының тапсырмасын орындайды. Тыңдаған мәтіннің жалпы мағынасын ұғу тапсырмасы беріледі. Оқушылар өз түсінгендері бойынша сынып алдында сөйлейді. Егер оқушылар тарапынан түсінбестіктер орын алып жатса, өз кезегінде мұғалім көмек қолын созады. Ең бастысы, мұғалім дұрыс жауапты бірден өзі айтпай, балаларды бағыттап, олардың өздері дұрыс жауапты айтқандай қуанып отыратындай қарым-қатынасты орнатады.
Тыңдалатынмәтін
Оқулықта «Анықтайық»айдарымен берілген тапсырма тыңдалым мәтінінде кодталып тұрған тың мәліметтерді оқушының өз бетімен аша алу қабілетін қалыптастыруға бастама болады. Тыңдалымға қатысқан адамдардың көңіл күйіне қарап, мәтіннің қандай тыныс белгілермен жазылғаны туралы балалар ойланатын болады. Осылайша оқушыларға
ерекше көңіл күймен айтылатын сөздердің тыныс белгісі туралы қолданыстық үлгіде жаңа ақпарат беріледі.