«Постер құрастыра аламын» айдарында оқушылар үлгіде берілген Бақыттың постеріне қарап, өз идеясын қосады. Өз постерін құрады және әңгімелеп береді. -Қалай ойлайсыңдар, балалар, көмектесеміз бе? Ендеше кірісейік! – деп мұғалім постер қорғауға оқушыларды қызықтыра отырып жұмылдыра алады. Бұнда Бақыттың портреті мен оның ұсынысы оқушы
назарына ұсынылып, олар өз идеяларын қосады. Оқушылар идеяларымен толық бөлісіп, қабырға газетін 5 мин аралығында аяқтап қорытады.
5 мин
Жеке
«Ғарыш туралы мәтінді тыңдап түсіне аламын» айдарында оқушы мәтінді тыңдап түсінгенін қысқаша баяндап береді.
Келесі Бақыттың тапсырмасы – тыңдалым мәтінін тыңдап, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар Бақыттың арманымен хабардар болады. Мәтін мазмұны төмендегідей
болып келеді.
Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Ғарышкер де ұшқыш сияқты батыл адам. Біреуі әуеде ұшақпен ұшады. Енді біреуі ғарыш әлемінің құпияларын ашқысы келеді. Әрине, олар арнайы дайындалады, жаттығады. Мен де өскенде ғарышкер боламын. Жарқыраған жұлдыздар маған да жымыңдап, сәтті сапар тілейді. Мен марапат алуды ойламаймын. Мен үшін арманымның орындалғаны маңызды болмақ. Міне, Бақыттың арманыосы.
Келесі кезеңде оқушылар мәтінді қайталап іштей бір оқып, сұрақтарға жауап қатады. Орынды жауап беру қадағаланады. Бұнда «Көршінің
сұрағына жауап бер» ойыны ойналады. Бұл дәптерде жазылып талқылануы керек.
Келесі тапсырма алдыңғы сабақтарда үйренген жаңа сөздер легімен әзірленіп, олармен сөз тіркестерін, сәйкесінше, мәтіннен өзгеше сөйлем құрай алуларына кезек беріледі.