Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет308/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Оқиық» айдарында берілген сөйлемдерді мұғалім оқушыларға кезекпен парта бойынша оқытып, нүктенің қойылу себебін, түсінігін сұрау арқылы анықтап, ережені қайталатады. Және ережені нақтылату мақсатында хабарлы сөйлем түрлеріне оқушылардың өздері өз жанынан сипаттау, пікір білдіру, хабарлау, баяндау мақсатында 3 сөйлемнен құрап түсіндірулерін де тапсырма ретінде мұғалім қосымша ұсына алады. Сонымен қатар әртүрлі карточкамен тыныс белгісіне
байланысты тапсырмалар орнындатуға да болады.

7 мин

жұптық Жұпт.ж. Сынып

Оқулық

Келесі «Көрсетейік және айтайық» айдарында суреттермен жұмысқа оқушылар жұмылдырылады. Онда оқушы көру арқылы хабарлы сөйлем құрады, көргенін сипаттайды, ойын хабарлап баяндайды, пікірін білдіреді. Бұл оқушының бүгінгі сабақты дұрыс меңгерген- меңгермегенінің айғағы болмақ. Яғни сөйлемді дұрыс құрастырып, хабарлы сөйлем жасай білуіне, дикциясын дұрыс қолдана білуіне әкеледі. Оқушы суретте көз алдында нені қалай көрсе, солай сипаттап ойын жеткізіп беруі керек.
Мұғалім уақыт қалып жатса, оқушыларға сондай-ақ өз жандарынан, өз қиялдарынан да осы суреттерге шағын 3 сөйлемнен тұратын мәтін, әңгіме, фантастикалық ой құрауларына мүмкіндік беруіне болады. Мұнда хабарлы сөйлемнің маңыздылығы мен қолданысы басты назарда болмақ.

5 мин

Жеке, топтық, жұптық жұмыс
(4 оқушы)

Айтылым

Қор.

«Бірауыз сөз» ойыны арқылы оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын ауызша не стикерге жазып бекітіп, қорытуға болады.

3 мин

Сынып- мұғалім

«Бірауыз сөз» ойыны

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері
4.3.5.1 Қажетті ақпаратты табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу
4.4.3.1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

Дескриптор

  • Инфографикадан ақпарат таба біледі.

  • Сөйлемді қатесіз жаза біледі. Тыныс белгілерді орынды

қолданады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет