Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет307/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Шарға ұқсас денелер. (4-тоқсан, 7-тарау). 113-сабақ

Дағды

Оқылым мен жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.5.1 Қажетті ақпаратты табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу
4.4.3.1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

Тілдік міндеттер

Нүкте

Жаңа сөздер

ғаламшар, дөңгелек, ұқсас

Алдыңғы білім

Қайталау

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабаққа кіріспес бұрын мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, дорбаға не қобдишаға дөңгелек пішіндес заттарды салып әкеледі. Мысалы: алма, теннис добын, апельсин, тиын, кетіргіш, домалақ жіп т.б. болуы мүмкін. Ойын шарты сол заттардың бірін оқушы таңдап, иіскемей, дәм татпай, тек қолмен сипалап, көзі байлаулы тұрған күйінде не екенін және пішінін анықтап, «дөңгелек» деген сөзді айтқызады. Сөйтіп «дөңгелек» пішінін таныта отырып мағынасын ашып, тағы қандай дөңгелек пішіндес нәрселер болатынын (3-4) оқушыларға айтқызып, таптыруға болады немесе дөңгелек пішіндес суреттерді көрсетіп, не болмаса бөлме ішінен осы пішіндес заттарды ататып, неліктен дөңгек пішінді болу керек екендігін де айттырып, оқушы санасында дөңгелек сөзін жаттанды ету көзделеді.
Енді, балалар, осы дөңгелек пішіндес жерде нәрселер көп екенін білдік, ал аспан әлемінде, ғарышта не бар деп ойлайсыңдар?

2 мин

Мұғалім-сынып




«Ендеше бүгінгі сабақты Қуанышпен бірге осы пішін тәріздес шарға ұқсас денелерге арнаймыз» – деп мұғалім оқушыларды жаңа сабаққа жетелейді.
Қуаныш бізге жолда хабарлама жіберіпті. Сол хабарламамен танысып көрейікші.
-Кәне, кім оқып береді?
-Қуаныш: Балалар, мен ғаламшар туралы кітап таптым. Бұл кітапта ғаламшарлар туралы көп мәлімет берілген. Келіңдер, бірге оқиық!
Бұл оқылым алдындағы тапсырма болып табылады.

3 мин

Топтық жұмыс

Хабарлама

Негізгі бөлім

«Оқиық» айдарында оқушылар Қуаныштың ұсынысы бойынша мәтінмен 2 минут ішінде танысып шығады. Мұғалім олардан жалпы мәтін бойынша түсінгенін сұрайды және мәтінде оқушылардың өздерін қызықтырған немесе түсініксіз сөздері болса оны мұғалім түсіндіріп, талқыға салады. Бұл тапсырма 4.3.5.1 мақсатын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.

7 мин

Жеке

Оқулық

«Анықтайық» айдарында 4.3.5.1 қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу оқу мақсатын жүзеге асыру тапсырмасы беріледі. Оқушылар мәтінді оқып болған соң, мәтіннен жаңа сөздерді теріп, таныстырып, ғаламшарлар (Жер, Шолпан, Сатурн) туралы мәлімет беріліп, сөздіктермен жұмыстанады. Мұғалім қолына глобусты ұстап тұрып:
«Бұл ғаламшар, ол екі түрлі сөзден тұрады, әлем сөзінің синонимі ғалам, олар шар пішіндес болып аспанда ұшып жүргендіктен ғаламшар деп аталады. Мәселен, жер де шар тәріздес дөңгелеп айналып тұратынына бүгін мәтін арқылы көз жеткізіп отырмыз», – дейді. Балалардың бұл ретте «ұқсас, дөңгелек» деген сөздердің мәнін жете түсінулері маңызды. Ол үшін дәл осы тұста сөздік жұмысын ұйымдастырып өткізген орынды саналады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық, ғаламтор, сөздіктер




«Ойланайық» тапсырмасы бойынша мұғалім оқушыларға сөйлемдерді оқып, қандай мақсатта жұмсалып отырғанын анықтайды, кестеде жауапты мәтін бойынша дәлелдейді. Алдымен мұғалім қандай тапсырма орындалатынын хабарлайды, орындалу тәртібін түсіндіреді, түсінбегендеріне қайта түсіндіріп, тексереді, нақтылайды. Алғашқы сөйлемді мұғалім өзі оқып жауабын көрсетеді. Бұл сөйлемде адам белгілі бір нәрсені хабарлап тұр, сондықтан бұл сөйлем хабарлы сөйлем болып табылады, сөйлем тиянақты ойды аяқтап тұрғандықтан, сөйлем соңына нүкте белгісі қойылады деп жауапты белгілетеді де, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану мақсатын (4.4.3.1) орындайды. Мұғалім оқушылдардың нақты түсінгендеріне көз жеткізгеннен кейін оқушылардың өз беттерінше жекелей тапсырманы орындаулары сұралады. Тапсырманы орындауға нақы уақыт белгілеп, уақыт аяқталысымен бір-бірінің жауабын топта тексеруді, талқылауды ұсынады. Кейін тақтадан дұрыс жауапты көрсетіп, тапсырманың жауабын нақтылауға болады. Осы тапсырмадан
қорытынды шығара отырып, хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі туралы ережені пысықтайды.

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Бұл (нүкте) тыныс белгісінің маңызын келесі «Есте сақтайық» айдарында жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өлеңімен түсіндіреді. Оқушы санасында ережені тұрақтандыруға күш салады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып

Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет