Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет310/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Ойланайық» айдарының тапсырмасы. Сыныптың сабаққа деген ынтасын арттырып, оңтайлы ахуал орнатқаннан кейін, мұғалім оқушыларға оқулық бетін хабарлап, алғашқы тапсырманы орындауға шақырады. Тапсырманың шарты бойынша балалар сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді. Тапсырма оқушылар үшін аса жеңіл болғанымен одан әрі тапсырманы күрделендіре түсіп, сөйлем құрату арқылы сөздерді орынды қолдана білуге баса назар аударады. Мұндай тапсырмалардың арқасында оқушылар үйренген сөздерін үнемі санада жаңғыртып отырады. Оған қоса осы тапсырма негізінде оқушыларға осы сабақта меңгертілуге тиіс жаңа сөздерді таныту жоспарланған. Осылайша тыңдалатын мәтінді оқушылар еш қиындықсыз қабылдап,
тілді үйренуге деген ниеттері кемімейтін болады.

5 мин

Топтық жұмыс




Негізгі бөлім

Сабақтың келесі кезеңінде оқушыларға тыңдалым мәтіні қосылып,
«Тыңдайық» айдарының тапсырмасын орындайды. Тыңдаған мәтіннің жалпы мағынасын ұғу тапсырмасы беріледі. Оқушылар өз түсінгендері бойынша сынып алдында сөйлейді. Егер оқушылар тарапынан түсінбестіктер орын алып жатса, өз кезегінде мұғалім көмек қолын созады. Ең бастысы, мұғалім дұрыс жауапты бірден өзі айтпай, балаларды бағыттап, олардың өздері дұрыс жауапты айтқандай қуанып отыратындай қарым-қатынасты орнатады.
Тыңдалатын мәтін

5 мин

Жеке

Жаңа сөздер
жазылған карточ- калар

Балалар не туралы сөйлесті?




Айсана: Сәлем Қуаныш, туған күнің құтты болсын!




Қуаныш: Рақмет. Бақыт екеуің маған келіңдер. Әкем телескоп




сыйлады. Ғаламшарларды қараймыз.




Айсана: Керемет сыйлық!




Қуаныш: Алақай! Менің достарым келеді!




Оқулықта «Анықтайық» айдарымен берілген тапсырма тыңдалым мәтінінде кодталып тұрған тың мәліметтерді оқушының өз бетімен аша алу қабілетін қалыптастыруға бастама болады. Тыңдалымға қатысқан адамдардың көңіл күйіне қарап, мәтіннің қандай тыныс белгілермен жазылғаны туралы балалар ойланатын болады. Осылайша оқушыларға
ерекше көңіл күймен айтылатын сөздердің тыныс белгісі туралы қолданыстық үлгіде жаңа ақпарат беріледі.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Есте сақтайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар бұйыруға қатысты сөздерді естеріне сақтайды, қайталап, жаттығады.












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет