4.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану
4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер)
жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
«Жаңа сөз үйренейік»айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады. Оқушыларға мәтінде кездесетін, бұрын білмейтін сөздерді үйретеді, олардың мағынасын түсіндіру арқылы жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгертеді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Сөздерді жеке емес, олардың қызметі мен мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінетіндей мысалдар келтіреді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушыларға жаңа сөздермен байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздердің мағыналары
түсіндіріледі.
5 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздерді меңгертуге
қажетті суреттер
Негізгі бөлім
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың көру және қайталау арқылы есте сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы үйдің алдында, артында, жанында не тұрғанын айтып береді. Тапсырма оқушының айтылым дағдысын жетілдіреді. Тапсырма ауызша орындалады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдап, мадақтау сөздері
арқылы бағалайды.
5 мин
Жеке
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін ояту мақсатында оқушылар суретке қарап, Әлидің үйін сипаттап береді. Оқушылар
«Сурет бойынша әңгімеле» әдісін қолданады. Алдымен суреттен кімдерді және нелерді көріп тұрғандығы әңгімеленеді. Содан кейін барып, Әлидің үйі толық суреттеледі. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың айтылым дағдысы дамиды, көру арқылы есте сақтауы
артады.