«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға суреттер көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерге қарай отырып, жаңа сөздерді меңгереді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Мұғалім оқушыларға үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді.
Бұл тапсырма көлемінде оқушылардың бұрыннан бар білімдерін жаңғырту да жүзеге асырылады. Мәселен, жаңа сөздерді үйренгенде ол сөздердің мағынасын ұғып, меңгеріп алулары үшін оқушыларға антоним сөздерді таптыру жұмысы зор пайдасын тигізеді. Бұл да жаңа сөздердің санада тұрақтап қалуына септігін тигізеді. Осы орайда 4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану оқу мақсаты орындалады.
5-6 мин
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада жаңа сөздермен жұмыс жанданады, яғни, оқушылар осы жаңа сөздерді қолданып, сөйлемдер құрастырады. Мұғалім оқушыларға бір үлгі көрсетеді. Оқушылар үлгіге қарап, басқа сөйлемдер құрастырады. Мысалы: Адамды мінезі көрікті етеді. Әлемді
мейірімді жандар құтқарады. Еңбекқор адам табысқа жетеді. т.б.
5 мин
Негізгі бөлім
«Ойланайық» айдарында берілген тапсырма оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар суретке қарай отырып, оның әрекетіне баға береді, қыздың қандай адам екенін болжап айтады.
Мұғалім оқушыларға болжам жасағанда «Попс» формуласын қолдануды ескертеді. Оқушылар өз ойын айту үшін міндетті түрде «менің ойымша», «себебі» сөздерін қолданып сөйлеуі керек. Бұл әдіс арқылы оқушының өз ойын нақты жеткізуі,
тұжырымдай білу дағдылары жетіледі, сөздік қоры молаяды.
5 мин
Жеке жұмыс
«Попс» формула- сына қатысты тіркестер жазылған қағаз