«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегінің соңын болжайды. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды, оқушы қиялына ерік береді. Әр топ өз беттерінше ертегінің соңын болжайды. Ертегіні болжау үшін сұрақтарды және оқулықтағы тірек сөздерді басшылыққа алады. Оқушылардың болжам жауаптары тыңдалады.
-Ормандағы кімнің үйі?
-Үйдің иесі келген соң не болады?
-Қыз үйін табады ма?
Тірек сөздер: жалмауыз кемпір, сандық, ұшатын сыпырғыш, мысық, ит, дос, алғыс айту, бақытты болу
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар «Жаттығайық» айдарымен берілген тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар ертегімен толық танысады. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қояды. Тапсырма жазбаша орындалады. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. Ертегінің мазмұнын толық меңгерту мақсатында мұғалім оқушыларға графикалық органайзерді көрсетеді. Графикалық органайзердің біреуінде сандар берілген, екіншісінде суреттер берілген. Оқушылар осы органайзердегі суреттер немесе сандарға қарап ертегіні баяндайды, яғни «Хикая картасын» жасайды. Екінші органайзерде сандардың орнына суреттер беріледі. А3 парақтарына осындай органайзерлер дайын күйінде топтарға үлестіріледі. Оқушылар осы органайзерлерді қолдана отырып, ертегіні қысқаша мазмұндап береді.
1 қызне 2 неге 3 Аттар қызғ
істеді? кездесті? недеді? Оқушылар бір-бірін «Дүркін шапалақ» әдісімен, ал мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері («Тамаша!», «Керемет!»,
«Жақсы!», «Өте жақсы») арқылы бағалайды.