Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет63/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Оқиық» айдарындағы тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар «Мейірімді қыз» ертегісін оқиды. Тапсырма оқушылардың ертегіні түсініп оқуына арналған. Ол үшін мұғалім алдымен ертегінің суреттеріне назар аударып, мазмұнын болжап көреді. Егер оқушылардың деңгейі тым төмен болып жатса, мұғалім өзі жетелейді. Одан соң мұғалім оқушыларға ертегіні алдымен іштей, содан кейін дауыстап оқуға тапсырма береді. Оқушылар ертегіні оқиды. Өз болжамдарымен салыстырады. Өздеріне- өздері баға береді. Бұл тұста 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен?, Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру оқу мақсаты орындалады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың ойлануына бағытталған. Оқушылар ертегіні оқып болған соң, ертегідегі қарамен жазылған сөздерге назар аударады. Оқушылар жұмыс дәптерінде осы тапсырманы жазбаша орындауына да болады. Мұндай тапсырма орындатудағы мақсат – оқушыларға төменгі сыныпта білімін жетілдіріп, пысықтату. Сөздердің тұлғасына қарап грамматикалық белгілерін, яғни, мағынасын түсіну (яғни, табыс септігін қолданыстық тұрғыда қайталайды). Қарамен
жазылған сөздерге сұрақ қояды.

3-5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық




«Ізденейік» тапсырмасын орындауда оқушылар жаңа сөздермен жұмысты жандандырады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен ертегідегі кездескен жаңа сөздердің қарсы мәндерін (антонимдерін) табады.
Көрікті-көріксіз (ұсқынсыз, әдемі емес), мейірімді-қатал, еңбекқор-жалқау, ыстық-суық. 4.2.1.1 берілген сөздерге қарама- қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу
барысында қолдану оқу мақсаты орындалады.

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет