Сергіту сәті
Жаңылпаш жаттау.
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық, Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Ас аспай бас аспаз, Ас асты жас аспаз.
Қатты, ақырын, жай және жылдам қайталап айту.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суретке қара. Балалар қайда отыр? Не істеп отыр? 2.Аспаз не пісірді?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 44
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Әжемнің базарлығы.
Мақсаты: ұлттық тағам түрлерімен таныстыру.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: тағамдарды қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерін қайталайды, сөйлемдер құрастырады.
Түсінеді: әр ұлттың ұлттық тағамдары болатынын түсінеді.
Қолданады: тағамдар ішінен ұлттық тағамдарды айыра біледі, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қоржын, суреттер, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: бауырсақ – бауырсақ, құрт – курт, қымыз – кумыс, шұбат – шубат.
ҰОҚ барысы
Достарыңызбен бөлісу: |