Білімберусаласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі. Тақырыбы: Ертегі әлемі
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, диалогке қатысуға үйрету. Білімділік міндеті: зейін қойып тыңдауға, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: кейіпкер бейнесін көрсетуге ынталандыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: қайырымдылыққа, көмек беруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды:ертегі кейіпкерлерін атайды, диалогке қатысады.
Түсінеді: сөйлемдерді түсініп, суреттерін көрсетеді.
Қолданады: меңгерген сөздерін күнделікті өмірде қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ертегілер иллюстрациялары, қарлығаштың суреті, ертегі кейіпкерлері – қарлығаш, дәуіт, қарға, көкек, жылан бейнеленген қалпақтар, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: дәуіт – богомол, көмек – помощь, сұрады – просил, қарға – ворона, көкек – кукушка, жылан – змея.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай? Бүгін аптаның қай күні?
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?! Қима материалмен жұмыс. Өткен «Армысың, әз Наурыз» тақырыпты суреттер бойынша қайталау. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.