Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Амандасады. Өткен «Ертегі әлемі» тақырыпты қайталау. Ертегі кейіпкерлерін атау.
Негізгі кезең
Педагог балалардан білетін түстерін сұрау. Балалар түстерді атайды. Қима материалмен жұмыс.
– Мынау – жапырақтар. Мынау жапырақтың түсі қандай?
– Жапырақтың түсі сары.
– Мынау жапырақтың түсі қандай?
– Жапырақтың түсі жасыл.
– Алманың түсі қандай?
– Алманың түсі қызыл.
– Мынау қарындаштың түсі қандай?
– Көк түсті.
– Топта қандай заттардың түсі көк? (Балалар атайды).
Жаңа сөздермен таныстыру.
Сәуле түрлі түсті қарындаштарды көрсетіп, түстерді атайды.
Мынау – қоңыр түс, қо-ңыр.
Қандай түс?
Қоңыр түс.
Мынау – қара түс, қара.
Қандай түс?
Қара түс.
Мынау – күлгін түс, күлгін.
Қандай түс?
Күлгін түс.
Мынау – көгілдір түс, кө-гіл-дір.
Қандай түс?
Көгілдір түс.
Мынау – қызғылт түс, қызғылт.
Қандай түс?
Қызғылт түс
Балалар сөздерді және сөйлемдерді қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады). Ң- ң- ң –қо-ңыр.
Қ –қ- қ- қара. Ү -ү -ү – күлгін
Ө -ө -ө –кө-гіл-дір.
Ғ- ғ-ғ- ғылт – қызғылт.
Ойын: «Осындай түсті затты тап».
Педагог топтан қоңыр, күлгін, көгілдір, қызғылт және қара түсті заттарды табуды сұрайды. Балалар заттарды тауып, олардың түстерін атайды, сөйлем құрайды. Мысалы: Мынау – аю. Оның түсі қоңыр. Мынау – текше. Оның түсі күлгін.
Сергіту сәті: (сергіту массажы, бір-бірінің арқасына, сұқ саусақтарының көмегімен суретсалады). Кемпірқосақ түстері Жаңбырдан соң тамаша! Күнмен бірге шағылысып, Шуақтары алуан-алуан.
Қызыл – қызғылт, сары – сарғыш, Көк – көгілдір, жасылы бар.
Көз тоймайды қараса!