Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Суреттер бойынша өткен «Қандай түстер?» тақырыпты қайталау.
Балалар суреттегі заттарды және олардың түстерінің қандай екенін атайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін
фишкадан алады,
соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Педагог балаларға мектеп жайлы және балалардың жақында мектеп табалдырығын
аттайтындарын айтып, әңгіме жүргізеді. Мектепте балаларды оқытатын адамды мұғалім деп айтатынын айтады. Мектеп туралы бейнематериалды көрсетеді.
Жаңа сөздермен таңыстыру.
Балалар мектепке келді.
Балалар қайда келді?
Балалар мектепке келді.
Мынау – мектеп. Мек-теп. Мынау не?
Мынау – мектеп.
Мектепте оқиды, білім алады. Мектепте не істейді?
Мектепте оқиды, білім алады.
Мынау – оқушы. Мынау кім?
Мынау – оқушы.
Мынау – оқушылар. Мынау кімдер?
Мынау – оқушылар.
Мынау – мұғалім. Мынау кім?
Мұғалім.