Жасайды: ою атауларын қайталап естеріне сақтайды, мәтінді қайталайды.
Түсінеді: қазақ ұлттық бұйымдардың қазақы ою-өрнектерімен өрнектелетінін, олардың әртүрлі болып келетінін түсінеді.
Қолданады: оюларды атап, қолдана алады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатынкөрнекіқұралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, тақырыпқа
байланысты мазмұнды сурет, ұлттық бұйымдар немесе суреттері, ою-өрнек үлгілері, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: ою – орнамент, гүл – цветок, қошқармүйіз – бараний рог, тұмарша – амулет, балта – топор, кең дала – широкая степь.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Киіз үй» тақырыбын қайталауға арналған «Ата, көрсет» ойыны: тақтадағы суреттер бойынша. Педагог заттарды атайды, балалар суреттерді көрсетеді. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең Тақпақ оқу.
Әжем сырмақ сырады Әдетімен күндегі.
Сырмақтағы оюы Кең даланың гүлдері.
– Тақпақ не туралы?
– Әже не сырады?
– Оюлар неге ұқсайды?
– Кең даланың гүлдеріне ұқсайды.
Тақтадаға тақырыпқа байланысты «Әжелер сырмақ жасап отыр» суреті ілінеді. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Жаңа сөздермен таныстыру.
– Әжелер сырмақ жасап отыр. Әжелер не істеп отыр?
– Әжелер сырмақ жасап отыр.
– Сырмақты оюмен өрнектеп отыр. Сырмақты немен өрнектеп отыр?
– Сырмақты оюмен өрнектеп отыр.
Үлгілер бойынша оюмен таныстыру. Ою – оюлар.
– Мына ою «гүл» деп аталады. Мына ою қалай аталады?
– Мынау ою «гүл» деп аталады.
– Түсі қандай болады? (Суреттегі түстерді атайды).
– Мынау ою «қошқармүйіз» деп аталады. Мынау қандай ою?
– Мынау – «қошқармүйіз» ою. (Жеке-жеке айтып жаттығады).
– Мынау – тұмарша, тұ-мар-ша
– Мынау қандай ою?
– Мынау – тұмарша.
– Мынау – балта, бал-та.
– Мынау қандай ою?
Мынау – балта.
Ою ерекшеліктерін, оны қолдану жолдары, олардың түстері туралы әңгімелеу. Ұлттық бұйымдардың өз оюлары, түстері болатынын түсіндіру. Оюларды көрсету, ою аттарын қайталату.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Әжелер сырмақ жасап отыр. Сырмақты оюменөрнектеп отыр. Мынау – гүл ою. Мынау ою «қошқармүйіз» деп аталады. Мынау –тұмарша. Мынау – балта. Сырмақ әдемі, жылы. Сырмақ жүннен жасалады. (3-4 бала мәтінді қайталайды.)