Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, сөйлем құрастырады, мақал-мәтелді және мәтінді қайталайды.
Түсінеді: Қазақстан халқы тату тұратынын түсінеді.
Қолданады: таныс сөздерді қолданады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, тақырып бойынша мазмұнды суреттер, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: халық – народ, көпұлтты – многонациональный, ортақ – общий, бірліқ – единство, тату – дружно, дос – друг.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Суреттер бойынша өткен «Әжемнің оюлары» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
– Біздің Отанымыз қалай аталады?
– Қай қалада (ауылда) тұрасын?
Педагог Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған әңгімені жүргізеді.
Жаңа сөздермен таныстыру.
– Қазақстан – көпұлтты республика. Қазақстан қандай республика?
– Қазақстан – көпұлтты республика.
– Қазақстан халқы тату тұрады.
– Қазақстан халқы қалай тұрады? Қазақстан халқы тату тұрады.
Қазақстан – ортақ үйіміз.
– Ортақ үйіміз – ...
– Дима, сенің досың кім? Сен досыңмен қалай ойнайсың?
Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан - көпұлттыреспублика. Қазақстан халқытату тұрады. Қазақстан біздіңортақ үйіміз. (3-4 бала мәтінді қайталайды).