Дөңгелене тұрайық, Керегені құрайық. Уық болып иіліп
Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
Дидактикалық ойын «Жалғастыру». Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Біздің Отанымыз – ... .
Қазақстан – көпұлтты республика. Қазақстан республика.
Қазақстан халқы тату тұрады. Қазақстан халқы тұрады.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Қазақстан – біздің үйіміз.
Мақалмен таныстыру.
Бірлік бар жерде – бақыт бар.
Педагог мақалдың мағынасын түсіндіреді, балалар қайталайды.
«Сиқырлы қаламмен» жұмыс. «Достығымыз жарасқан»
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Сурет бойынша әңгімеле. Біздің Отанымыз қалай аталады?
Жаттап ал.
Достық Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан.
Е.Елубаев Тақпақ оқу, түсіндіру, жаттау. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау. Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 67
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.Тақырыбы: Көлік
Мақсаты: көліктердің қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: қоршаған ортадағы заттардың атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Жаңылтпаштарды айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелікміндеті: білуге деген ынталарын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: көліктердін қазақша атауларын дұрыс қайталайды, жаңылтпашты айтады.