Түсінеді: көліктердің әртүрлі екенін түсінеді.
Қолданады: өздеріне таныс кейбір көліктерді таниды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материал (интербелсенді тақтада), қима материал, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: көлік – транспорт, ұшақ – самолет, пойыз – поезд, барамын – поеду, саяхат – путешествие.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Суреттер бойынша «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыпты қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Сәуле балалармен ойын ұйымдастырады «Сұрақ-жауап».
Сен бүгін таңертең қайда келдің? (Мен балабақшаға келдім).
Балабақшаға кіммен келдің? (Мен анаммен келдім).
Балабақшаға немен келдің?
Мен автобуспен келдім.
Мен мәшинемен келдім. (Сөйлемдерді балалар жеке-жеке қайталайды).
Автобус, мәшине – көлік.
Мәшине не?
Мәшине (көлік).
Автобус не?
Автобус (көлік).
«Көлік» сөзін жеке, хормен дұрыс айтып жаттығады. Қалада көлік көп, сондықтан абай болу керек.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Демонстрациялық материал (интербелсенді тақтада).
Мынау – ұшақ, ұшақ.
Мынау не?
Мынау – ұшақ . (балалар жеке-жеке сөзді айтып жаттығады).